Басты бет Таза Қазақстан «Таза Қазақстан: Алматы облысында жастармен «Ауыл тынысы» ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті»

«Таза Қазақстан: Алматы облысында жастармен «Ауыл тынысы» ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті»

0
85

Алматы облысы Кеген ауданында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, ауылдық аумақтардың дамуына жастарды тарту және мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат беру мақсатында «Ауыл тынысы» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Іс-шара жастарға арналған мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру, жастар бастамаларын қолдау және өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға ынталандыру мақсатында өткізілді.

Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері, белсенді жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында қатысушыларға ауылды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, жастардың өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері, кәсіпкерлік пен әлеуметтік жобаларды іске асыру жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесу аясында Жастар ресурстық орталығының басшысы Гульназ Толонқызы сөз сөйлеп, жастардың ауылды дамытудағы рөлінің маңыздылығына тоқталды:

«Бүгінде жастар – ауылдың негізгі қозғаушы күші. Мемлекет тарапынан жастардың білім алуы, кәсіп ашуы және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Біздің басты мақсатымыз – осы мүмкіндіктерді жастарға жеткізіп, олардың туған жерінің дамуына үлес қосуына жол ашу», – деді Гульназ Толонқызы.

Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Іс-шараның қорытындысы бойынша оның өзектілігі мен тәжірибелік маңызы атап өтілді. Мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулерін алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізу жоспарлануда. іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АДАМДАР ДА, АЙНАЛА ДА ТАЗА БОЛҒАЙ…

Мемлекет басшысының “Turkistan” газетіне берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Оны қазір …