Басты бет Таза Қазақстан АДАМДАР ДА, АЙНАЛА ДА ТАЗА БОЛҒАЙ…

АДАМДАР ДА, АЙНАЛА ДА ТАЗА БОЛҒАЙ…

0
85

Мемлекет басшысының “Turkistan” газетіне берген кең көлемді сұхбаты жарияланды. Оны қазір барлық бұқаралық ақпарат құралдары талқылап, өз ойларын ортаға салуда. Әрине мемлекет басшысының аузынан жақсылық, жаңалық күтетін әдетіміз. Бұл жолы да Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы салық саясаты, экономиканың өсімі, сондай-ақ, инфрақұрылым, көлік және логистика салаларын дамыту мәселелеріне айрықша тоқталды. Өзінің жұмыстан тыс уақытта айналысатын шаруаларының да шетін шығарыпты. Спортпен жүйелі түрде айналысқаның арқасында денсаулығының жақсарғандығын айтты. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнайтындығын айтты. Спорт – адам саулығының кепілі екендігін білеміз. Президенттің аузынан шыққан сөзге риза болдым. Көп дүние айтылды. Ұққанымыз Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқандығы.

Сондай-ақ мемлекет басшысы берген сұхбатында «Таза Қазақстан» акциясы жайлы сөз етті. Ел Президенті бұл жұмыстың мән-маңызын атап өтті. Себебі, «Таза Қазақстан» жұртты үнемшіл әрі ақпейіл болуға, даңғазалықтан арылуға, үнемі ізденіп, алға ұмтылуға, ортақ жауапкершілікті ұмытпауға, елге жанашырлық танытуға шақырады. Бұл бағдарламаны айналамыздың таза, денсаулығымыздың мықты болуы үшін қолға алынғаны айдан анық. Президенттің сөзімен айтсақ «Таза Қазақстан» акциясын алдағы уақытта да ерекше назарымда ұстаймын. Бұл жұмыстың мән-мағынасы өте зор. Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бұл қадам «Таза Қазақстан» идеясымен толық үндеседі. Мен осы жалпыхалықтық қозғалысты айрықша маңызды идеологиялық акция деп санаймын. Өйткені тазалық дегеніміз – мағынасы терең, мазмұны сан қырлы ұғым Тазалық ұғымы жан дүниенің де, жер дүниенің де тоқырауын емес, гүлденуін, кіршіксіз таза болуын білдіреді. Адамдар да , еліміз де таза болсын.

Саян АХМЕТОВ,

аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Таза Қазақстан: Алматы облысында жастармен «Ауыл тынысы» ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті»

Алматы облысы Кеген ауданында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, ауылдық аумақтард…