Басты бет Өңір тынысы ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – ЖАҢА ҒИМАРАТТА

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – ЖАҢА ҒИМАРАТТА

0
210

Аудан орталығында жаңа орталықтың есігі айқара ашылды. Халыққа арналған цифрлық су жаңа кеңсенің тұсауы кесілді. Ғимараттың алды шарлармен безендіріліп, қызыл кілем төселіпті. Аудан әкімі Бота Елеусізова алғашқы құттықтау сөзге шықты. Бүгін ауданда тағы бір қуанышты жағдай. Халыққа қызмет көрсететін ғаламат ғимарат салынып, ол ел үшін есігін ашып отыр. Баршаңызға құтты болсын айтамын. Заманауи салынған кеңсенің ішінде халыққа қызмет көрсететін саланың мамандары мүлтіксіз қызмет етеді деп сенемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Цифрландыру – жай сән емес, бұл тиімді және ашық басқарудың негізгі құралы. Әрбір азаматқа мемлекетік қызмет көрсету сапасын арттыру басты міндетіміз» деген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бүгін ауылымызда үлкен ғимараттың ашылуына жиналып отырмыз. Осы бағытта жүзеге асып отырған «Халыққа арналған цифрлық кеңсе» жобасы мемлекеттік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам. Халыққа қызмет көрсету – мемлекет пен қоғамды жақындастыратын, азамат пен билік арасындағы сенімді арттыратын аса маңызды жүйе. Халыққа қызмет көрсету орталықтары – тұрғындарға қажетті құжаттар мен ресми қызметтерді бір жерден жылдам әрі қолжетімді түрде ұсынатын заманауи құрылым. Бұл орталықтар «Халыққа ең сапалы қызмет – мемлекет беделінің көрсеткіші» деген қағиданы жүзеге асырып, әрбір азаматтың уақытын үнемдеуге, өмірін жеңілдетуге бағытталғандығын түсіндіріп, жаңа ғимараттағы жұмыстың жандана түсуін тіледі.

Сонан соң құттықтау сөзге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Талғат Бектұрсынов шықты. Ол да аудан халқы үшін тамаша кеңсенің салынғанына құтты болсын айтып, енді халыққа қызмет көрсету бұрынғыдан да жылдам, тиімді жүргізілетіндігіне сенім білдірді. «АльТаир» құрылыс компаниясының өкілі, осы ғимаратты салуға атсалысқан Денис Жуковский жүрекжарды тілегін жеткізді. Халыққа сапалы, таза, заманауи түрде қызмет көрсететін кеңсенің жұмысы ғұмырлы болсын деген ниетін айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Нұрсейітов аталық ақ батасын берді. Осында жұмыс істейтін әр маманның ауырмай, халыққа қалтқысыз қызмет етуін тіледі.

Сонан соң лента қию рәсімі өтті. Ол құрметке аудан әкімі Бота Серікқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Нұрсейітов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Құралбек Бекмұханбетов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Талғат Бектұрсынов, «АльТаир» құрылыс компаниясының өкілі Денис Жуковскийлер ие болды. Жиналған қауым кеңсенің ішін аралады. Мамандар әр бөлімнің жұмысымен таныстырды. Неке қию бөлмесінде жаңадан шаңырақ құрған жас жұбайлардың некелері заңдастырылды.

Жаңа дүниенің аты жаңа. Кең, жарық, қолжетімді кеңсенің ішінде тек  бөлімдер ғана емес, кішкентай балалар ойнайтын, тынығатын бөлме де бар болып шықты. Жан-жақты қарастырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдардың екінші қабатқа лифт арқылы шығуы да ойластырылыпты. Жарқыраған кең сарайда қызмет алушы адамдардың жайлы орындықтарда күтуіне болады. Ауылдың шет жағы демесеңіз, қызмет алу үшін өте тиімді екендігіне көзіміз жетті. Ауданымыздың көркіне көрік қосқан осындай жаңа ғимараттар көптеп салынсын, жағымды жаңалығымыз да көп болсын.

Баян МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЭКОПРОЕКТЫ ЧАРЫНА

Ряд важных проектов по развитию инфраструктуры реализован на территории Чарынского государ…