Басты бет Жастар саясаты ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ АРНАЛДЫ

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ АРНАЛДЫ

0
196

Біздің аға буынның алдында бабаларының игі дәс­түрін сақтайтын, күллі әлем­ге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Отан­шылдық сезім – ұлт рухы деңгейінің айнасы, өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен емес, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да сан ғасыр­­лар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне ен­гізу арқылы ұлттың тұнып тұрған рухани байлығымен өскелең ұрпақты сусындату – басты парызымыз.

Осындай ниетпен аудандық кітапхана орналасқан ғимараттың алдында аудандық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен «Жастар тәрбиесі — адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлы, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкері Р.Абайбеков, Қорғаныс істері бөлімінің нұсқаушысы Ж.Өсербаева, Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының офицері А.Әбділдаев, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізуші Раушан Жаңабаева, аудандық мәслихаттың депутаты С.Ермухаметова, аудандық ардагерлер ұйымының алқа мүшелері, ауылдық округ әкімшіліктерінің жанындағы ардагерлердің бастауыш ұйым мүшелері, «Асыл ана», «Алатау жастары» ұйымдарының төрағалары қатысты.

Кездесуді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Нұрсейітов ашып, жүргізіп отырды. Жастар тәрбиесіне арналғандықтан айтар ойлар мен пікірлердің көп болатындығы ақиқат. Жүздесудің алғашқы сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Е.Толымбекұлы толымды ойымен бөлісті. Ұлттық құндылықтардың әрбір халық­тың өмірінде алатын орны өзгеше. Қазақтың салт-санасын жаңғырту еліміздің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүр­гізуді талап етеді, деп сөзін бастады. Қазақи рухы биік ұлт­тық идеяның қалыптасуында ұлттық құн­дылықтардың маңызы зор. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы  мен өмірлік қажет­тіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, төл құндылықтар мен жал­пы­адамзаттық құндылықтарды өзара ұштас­­тыра алатын толық кемелді, ұлт­жанды тұл­ғаны тәрбиелеу – ұлттық идея­ның негізгі бағыты. Ұлттық идея – қазақ хал­қы тудырған моральдық нор­ма­ларда және ұлттық құндылықтарда бекі­тілген патриот­тық тәжірибені меңгеру, ұлттық этно­­мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тану, тарих­ты құрметтеу арқылы іске асырылатындығын түсіндіріп, кездесуге келген ата-аналарды, жастарды осындай шараларға көптеп қатысуға, жастардың бойына адал қасиеттерді дамытуда ата-ананың мәртебесінің жоғары екенін айта келе, аудан көлемінде әскери қызметте болып, өздерінің ата — анадан, мектептен, қоғамнан алған тәрбиелері мен білімінің арқасында жоғары оқу орындарына «Сертификат» алған жастарды және аудан көлемінде 3-4 баласының әскери қызметте болуына жағдай жасаған ата-аналарды марапаттады. Баласы үшін қуанған ата-ананы көрудің өзі бір бақыт. Сонан соң сөз алған ауданның құрметті азаматы Қалабай  Мерейімов те өзінің өмір жолынан қызықты әңгіме айтып, жас буынға аталық батасын берді. Аудандық мәслихаттың депутаты Салтанат Ермухаметова мәңгілік өшпейтін тақырып ретінде алынған жастар тәрбиесіне өзінің ұстаздық жолынан естеліктер айтып, патриоттық тәрбиенің негізі отбасында қаланатындығын түсіндіріп, осындай басқосулардың жиі өткізілуін сұрады. Аудандық ардагерлер ұйымына алғысын жеткізді.

Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қалмақ» деп тұжы­рым жасаған екен. Бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ, егемен елдің бейбітшілігі мен бірлігін сақ­тайтын жас ұрпақтың бойына ерлік рухты, отан­шылдық сезімді сіңіру – маңызды мәсе­лелер­дің бірі. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адам­заттық игіліктерді, хал­қымыздың ғасырлар бойы армандаған мәде­ни-рухани мұрасы мен ұлттық тәр­бие саласында жұмыс істеу – бас­ты міндетіміз.

Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық», деген екен. Расында, кең байтақ аты­рапты жауға бермей, қасық қаны қалғанша күрескен, жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңі­реп өткен хас батыр­лар қаншама десеңізші! Олар­дың ер­лігі кейінгі ұрпаққа қашанда өнеге болмақ. Жастар тәрбиесі күн тәртібінен түспек емес.

Нұрпия БАЙСЕРКЕЕВА,

аудандық «Асыл ана» қоғамдық ұйымының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Глава государства Касым-Жомарт Токаев направил обращение участникам форума Jastar Fest, посвященного Международному дню молодежи

Уважаемые участники форума! Поздравляю Вас с Международным днем молодежи! Этот праздник им…