Басты бет Әр қилы МАНАС ЕЛІНЕ САЯХАТ

МАНАС ЕЛІНЕ САЯХАТ

0
401

Жазғы демалыс тек оқушылар үшін ғана емес, педагогтер мен мектепте еңбек етіп жүрген жандар үшін де берілетін демалыс уақыты. Жыл бойы жұмыстан шаршап, шалдығып, жаздың жайдары күніне жеткенде әркім демалысын әртүрлі өткізуді жоспарлайды. Біздің кәсіподақ мүшелері де тілек, талаптарымен өтініштерін жеткізіп жатады. Ыстықкөл демалыс аумағына елу адам барып қайттық. «Алтын жағалау» деп аталатын демалыс үйінің қызметкерлері кең пейілдерімен қарсы алып, әртүрлі тамаша сауық-сайран шараларын ұйымдастырып, демалысымызды жандандыра түсті. Манас елімен бір туған бауырдаймыз. Аудармашы керек емес. Тіліміз де, діліміз де бір. Мәдени шараларда бақ сынасып, қызықты ойындардың куәсі болып қайттық.

Одан бөлек 84 адам еліміздің шұрайлы жерлерінде орналасқан санаторйилерінде ем қабылдап, сергіп, сауығып, Сарыағаш, Көкшетау, Қостанай, Алматы қаласындағы «Көктем» санаторийіне, Жаркент арасанға 50 пайыздық жеңілдікпен жолдама алды. Одан бөлек 1700 дей адам бір күндік табиғат аясына саяхатқа шықты. Оның жолкіресін, тамағын кәсіподақ ұйымы өз мойнына алды. Қайыңды, Аваттағы демалыс орны, Қырғызсай мен Кетпен тауларына, Арасан шипалы суына бір күндік демалыс ұйымдастырдық.

Жаз айлары – демалып, тынығып, миды сергітіп, сауығатын мезгіл. Осы оңтайлы сәтті тиімді пайдаланып өзіміздің кәсіподақ мүшелеріне барынша қамқорлық таныттық. Әр мектептен жиналғандар танысып, білісіп, қауқылдасып, демалысты думандатып өткізді. Алдағы уақытта да кәсіподақ мүшелерінің жақсы тынығып, еңбектен қол бос кездерінде спорттық додалар мен мәдени шаралар өткіземіз деген ниетіміз бар. Есте қаларлығы көрші мемлекеттегі, Манас еліндегі төр күндік турымыз. Оның елесінен әлі шыға алмай жатырмыз. Жазғы демалысымыз сәтті өтті.

Кәрібай ҚОЖАҒҰЛ,

Алматы облысы Оқу-ағарту және бюджеттік қызметкерлердің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы

 

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ПОБЕДА ИННОВАЦИЙ И ТВОРЧЕСТВА

Команда «SmartReMakers» из Шонжынской школы-лицея №1 с блеском представила Алматинскую обл…