Басты бет Саясат Еліміздің курортты аймақтарында 3 әуежай салынады

Еліміздің курортты аймақтарында 3 әуежай салынады

0
222

Қазақстанда танымал демалыс орындары үшін жаңа әуежайлар салынады. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің басшысы баяндады. Бектеновтің мәлімдеуінше, авиациялық инфрақұрылымы бар ұшу-қону жолақтары Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі аймақтарында салынады. Осылайша, үш курорттық аймақтың туристік әлеуетін толық ашу жоспарлануда.

Бұдан басқа, көлік-логистикалық әлеуетті ашу мақсатында Ақтауда әуе хабын құру жобасы пысықталуда, «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген» учаскесінің екінші жолдары құрылысы басталады. Биыл «Достық – Мойынты» теміржолы мен Алматы қаласының айналма жолы құрылысы аяқталады деп күтілуде.

 

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Креативті индустриялар: Қазақстанда экономиканың стратегиялық маңызды секторы қалай дамып жатыр?

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Ме…