Басты бет Саясат Қазақстанда құны $1 млрд болатын мыс балқыту зауыты іске қосылады

Қазақстанда құны $1 млрд болатын мыс балқыту зауыты іске қосылады

0
418

Тау-кен металлургия саласын дамыту аясында Абай облысында құны $1 млрд болатын мыс балқыту зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысумен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның сөзінше, кәсіорынның қуаттылығы экспортқа шығарылатын мыс концентратын толықтай өңдеуге мүмкіндік береді.

«Qarmet» акционерлік қоғамы кезең-кезеңмен жоғары деңгейде өңделген сапалы металдар шығару, оның ішінде автомобиль жасауға қажетті болат өндіру көлемін ұлғайту үшін кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылдың өзінде компания автокөлік, және вагон құрастыруда, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде қолданылатын 25 мың тонна қоспалы болат өндірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«TURGYNDAR AMANATY»: Тиімді жұмыс түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады

  Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясы…