Басты бет Саясат Еліміздегі 20 ЖОО базасына жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау бағдарламасы енгізілді

Еліміздегі 20 ЖОО базасына жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау бағдарламасы енгізілді

0
48

Қазақстанда 20 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау қолға алынды. Бұл туралы Прездиент қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр мәлімдеді. Бұдан бөлек, Олжас Бектеновтің айтуынша, елімізде «Болашақ» бағдарламасы аясында жеке квота енгізілген.

Айта кетейік, бұл бағытқа Қазақстан басшылығы ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Сондай-ақ  «AI-Sana» бағдарламасы енгізілді. Оның аясында биыл 100 мың студентке экономиканың түрлі саласына ЖИ енгізу бойынша қолданбалы дағдылар оқытылады.

Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды. Бүгінде онда өнімдерін әлемнің  түрлі еліне экспорттайтын 1,6 мыңға жуық IT-компания тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысының Балхаш ау…