Басты бет Иман ДІН МӘСЕЛЕСІ — КЕЛЕЛІ

ДІН МӘСЕЛЕСІ — КЕЛЕЛІ

0
269

Дін мәселесі бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспей келе жатқан  маңызды сауалдардың біріне айналды. Қоғамды тура жолға салып, адамды игі амалдар мен имандылыққа, адалдыққа, бейбітшілікке қарай бағыттайтын дін саласын соңғы жылдары теріс бағытқа пайдаланып, басбұзарлар мен лаңкестердің, бүлікшілердің дінді жамылып қанды қылмыс жасауы діннің дәл бүгінгі мүшкіл халіне түсуіне басты себеп болғандығы баршаға мәлім.  Осы орайда дін – қоғамның ажырамас бір бөлігі деген ұғымды жоғалтып алмас үшін, дәстүрлі дінді насихаттай отырып, ата-бабамыз ұстанған асыл дінімізді ортамызға қайтып оралтуымыз үшін мүмкіндігінше шаралар қабылдап жатқандығымыз, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының белсенді түрде жүргізіліп жатқандығы көпшілікке белгілі.

2024 жылдың 3- тоқсанында Алматы облысы дін істері басқармасының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистры  Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы, Абай атындағы ұлттық университеттің аға оқытушысы Мамырбаев Дидар Жетпісұлы және Алматы облыстық дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Жомартканов Жасулан Муратулы, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымызда нүктелі әрі ең маңызды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Аталған мамандар Шарын, Тасқарасу, Бахар, Шонжы және Қырғызсай ауылдық округтерінде кездесулер өткізді. Шарын ауылдық округі бойынша ауыл ақсақалдары мен аналар кеңесі, белсенді жастар және округ мамандары қатысса, Шарын ауылдық аурухана қызметкерлері мен тұтынушылар арасында және Шарын ауылының мешіт қызметкерлері, мешітке келуші ауыл тұрғындарымен «Діни экстремистік идеологияның қоғамға қауіптілігі және зайырлылық қағидалары» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Бахар , Тасқарасу  ауылдық округтерінің ақсақалдар және аналар кеңесі, белсенді жастар, округ мамандары және ауыл тұрғындарымен, сондай-ақ, Шонжы ауылдық округінде аудандық Су құбыры, аудандық электр торабы мекемесі, пошта торабы қызметкерлеріның ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Бұдан бөлек, Ұйғыр этно-мәдени орталығының мүшелерімен де дін саласындағы ең өзекті мәселелер бойынша кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің дін істері комитеті  төрағасының м.а Е.Б.Нүкежановтың,  «Алматы облысында ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру мақсатында ауданымызға Республикалық ақпараттық түсіндіру тобыніңмүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің профессоры, аға оқытушысы Әділбаев Алау Шайқымұлы Шонжы ауылында «Әлеуметтік желі әлегі» тақырыбында «OPEN AIR» форматында Шонжы ауылының орталық базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында, «Бірлік түбі береке» тақырыбында, мәдениет қызметкерлерімен «Жат ағым ұлтқа қауіп» тақырыбындағ №1 мешіт жамағатымен жұма намаз уакытында,  «Діні беріктің діңгегі бұзылмас» тақырыбы аясында Ұйғыр этномәдени орталығының мүшелерімен келелі кездесулер өткізді.

Өскелең жас ұрпақты келешектегі сын-қатерлер мен қандай да бір кесе көлденең шығатын қауіптен құтқару және рухани имунитетті бойына сіңіру мақсатындааудандық ақпараттық түсіндіру тобының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында тыйым салынған сайттарға кіру, шектеу қойылған материалдарды жүктеу, тарату ісі бойынша Шонжы ауылында орналасқан Политехникалық колледж және Көпсалалы инновациялық колледж студенттерімен кездесу өткізілді. Аталған кездесу барысында  тыйым салынған сайттарға кіру, шектеу қойылған материалдарды жүктеу, тарату ісі ҚР Қылмыстық Кодексінде белгіленген Заң тарауларымен әкімшілік және қылмыстық іс қаралатындығы туралы ескертілді.

Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімі «Дін және жастар», «Жат ағымдардың қоғамға тигізер зардабы» атты тақырыпта Шонжы ауылының жұмыссыз жастарымен, «Деструктивті ағымдардан қорғану тәсілдері» атты тақырыпта Спорт саласының қызметкерлерімен, аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.

Мұның барлығы үздіксіз және арнайы жсоапрға сай өткізіліп жатқан шаралар. Қоғамда дәстүрлі дін салатанат құрып, жат ағымның жетегіне еріп кетушілердің қарасы тиылғанша, қойдың терісін жамылған қасқырша асыл дінімізге күйе жағатындардың қатары сиремейінше бұл бағыттағы ақпараттық түсіндіру және алдын алу шаралары да бәсеңдемейтін болады. Барлығы жарқын әрі дамыған еліміздің ертеңі мен келісім мен бейбітшілік орнаған келешек қоғам үшін жасалып жатқан игі шаралар.

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы,

аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ДІТТЕГЕНІ НЕ НӘРСЕ?

Бүгінгі қоғам өте қызық. Ондағы тіршіліктің қайсысы жақсы, қайсысы жаман деп ойыңды қорытқ…