Басты бет Заң және қоғам Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

Алматы облысының киберполицейлері интернет-алаяқтыққа қарсы «Antifraud-орталық» жұмысының тиімділігін айтты

0
194

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте интернет-алаяқтықпен күрестің кешенді шаралары жайлы ақпарат берді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптен қорғаудың жаңа әдістері мен алаяқтық схемаларды дер кезінде анықтау үшін іске қосылған жобалар жайлы баяндады.

«Antifraud-орталық» – Ұлттық банкі мен Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, биылғы 22 шілдеден бастап жұмысын бастаған жоба. Бұл орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары және байланыс операторларын бір жүйеге біріктіріп, алаяқтық әрекеттерді жылдам анықтап, бұғаттауға мүмкіндік береді.
Орталық іске қосылғалы бері облыс аумағында 200-ге жуық күдік тудырған әрекеттерге тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге қаржыларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде”,-деді полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының м.а Нұржан Кеңесханұлы.

Жыл басынан бері облыста интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың 1136 дерегі тіркелген. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотын…