Басты бет Саясат АЭС САЛУ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

АЭС САЛУ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

0
30

Атом электр станциясын салу уақыттың талабы. Көз ілестірмей қарыштап дамыған бүгінгі заманда қатарымыздан қалмай, озық елдермен бірге алға қарқынды қадам басу үшін, бәсекеге қабілетті ел болу үшін әуелі экономикамыз қуатты болуы тиіс! Ал еліміздің экономикасын көтеретін көрсеткіш ол инвестициялық жобалар екендігі айқын. Алдағы уақытта небір ауқымды инвестжобаларды жүзеге асыру үшір бізге ең бірінші қуатты әрі кідіріссіз электр қуаты қажет болады. Бүгінгі біздің қолданыстағы жылу электр станциялары мен басқа да баламалы электр қуаты көздері болашақтың талабын қанағаттандыра алмайтындығы айқын көрініп тұр. Оның үстіне бүгінгі жылу электр станциялары 70 пайызға дейін тозған.

Жалпы АЭС пен бүгінгі жылу электр станцияларының қоршаған ортаға шығаратын зиянды қалдықтары салыстырып қарайтын болсақ, 1 ГБТ қуаттылығы бар жылу электр станциясы қоршаған ортаға 7-120 мың тоннаға дейін күкірт тотығын, 2-20 мың тоннаға дейін азот тотығын, 700-1500 тоннаға дейін майда күл, 3-7 млн тонна көмір қышқыл газын ауаға таратса, 300 мың тоннадан астам күлді табиғатқа шығарады екен. Онымен қоса осы қалдықтардың құрамында 400 мың тоннаға жуық уытты металдар болады. Ал АЭС тен күкірт тотығы, азот тотығы, майда күл, көмір қышқыл газы және күл қалдықтары шықпайды. Ал атом электр станциясынан күкірт, азот тотығы, көмірқышқыл газы, күл-қоқыс сынды қалдықтар мүлде шықпайды. Осы көрсеткіштің өзі АЭС тің артықшылықтарын айқын көрсетіп тұр. Егер алда келе жатқан референдум күні халық өзінің таңдауының басым бөлігін елімізде АЭС салуға беретін болса, алпауыт төрт мемлекет ұсынып отырған жобаның бірі өз құрылысын бастайтын болады. Франция, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея мемлекеттері өздерінің озық технологияларымен жасалатын заманауи АЭС тің жобасын ұсынып отыр. Осы аталған елдердің әрқайсысында бүгінгі күнде 20 дан 56 ға дейін атом электр станциялары жұмыс істеп тұр. Оның өзі қауіпсіздік әрі тиімділік тұрғысындағы ұзақ жылдар бойы жинақталған мол тәжірибе мен оң нәтижелердің көрсеткіші деп пайымдауға болады.

Қазіргі кезеңде әр түрлі елдерде салынып жатқан аэс құрылысы заманауи үлгідегі жан-жақты қорғанышпен қамтамасыз етілетін, ІІІ+ қорғаныс технологиясымен жабдықталатын, реакторлар орналасатын аймақтың астында тұзақ қабаты ойластырылған, жалпы қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға қойылатын, ең тиімді жобалар. Сондықтан әр адам жалған ақпараттар мен өткен ғасырдағы оқыс оқиғалардан санаға сіңіп қалған қорқынышын сейілтіп, алға алысқа көз салып, жарқын болашаққа ұмтылуды басымырақ ойлауы керек деп есептеймін. Уақыт талап етіп отырған заманауи атом электр станциясын салу еліміздегі бүкіл электр энергиясының тапшылығын қанағаттандыра алмайды. Бір АЭС біздегі электр қуаты тапшылығының 9 пайызын ғана қамти алады. Сондықтан бұның барлығы көптеген жылдардың еншісінде жатқан ауқымды жұмыстар екендігі айқын болып тұр. Баламалы электр қуатын алатын әдістер жоқ емес бар. Алайда электр қуаты ауадай қажет болып тұрған бүгінгі күнде тәуелділіктен туатын электр көзі өз тұтынушыларын қанағаттандыра алмайтындығы сөзсіз. Яғни, біз электр қуатын алу үшін желдің соғуын немесе күннің шығуын күтпеуіміз керек. Қазіргі таңда еліміздегі электр қуатын пайдалану көрсеткіші салыстырмалы ресми мәліметтерге сүйенсек, жылына 3 пайызға дейін қсуде. Алдағы он жылдықта бұл қажеттілік 30 пайыздан асып жығылатындығы айқын-ақ дүние.

Мен өз елімнің патриоты әрі өз отбасым мен отанымның жанашыры ретінде таза әрі дамыған болашақ үшін дұрыс таңдау жасағым келеді. Мен Президентіміздің ұсынған стратегиялық жобасын толықтай қолдаймын! Бұл біздің жарқын болашағымыз үшін ең маңызды қажеттілік деп есептеймін!

Балауса АБДИМУСАЕВА

аудандық қоғамдық келісім және даму орталығының маманы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — тек бір рет өткізілетін сенбілік емес. Бұл таза жән…