Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайды. Жыл басында ғана жұмысын бастаған орталық тұрғындардың арыз-шағымдарын тиісті мекемелерге жолдап, бұқара мен жергілікті атқарушы органдар арасында алтын көпір орнатып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысқан, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары Жәнібек Серікұлы мен «109» бірыңғай байланыс орталығының басшысы Бақтияр Бақытұлы, жоба — халықтың күнделікті …