Басты бет Заң және қоғам ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

0
97

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Сыбайлас  жемқорлықтың алдын-алу шарасын қатаңдатуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде баса айтты. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте бүкіл қоғамның белсене атсалысып, жемқорлық жағдайларына жалпыға ортақ төзбеушілік қоғамын қалыптастыру маңызды екенін жеткізді.

Аудандық қазынашылық басқармасында да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының нормаларын сақтау мақсатында мекеме қызметкерлерімен техникалық оқулар жиі өткізіліп тұрады. 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды  басқарма қызметкерлеріне уақытылы таныстырып, Заңның талаптарын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші Заңда белгіленген шектеулерді сақтап, мүдделер қақтығысын болдырмау қажеттігі, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен сыйлықтар алуға және қызметтік лауазымын пайдалану арқылы өзінің немесе отбасы мүшелерінің игіліктері үшін әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынатындығын, өз лауазымдық міндеттерін асыра сілтеп пайдаланбауға, мемлекеттік қызметші әр іс-әрекеттері үшін Заңдылыққа сәйкес жауап беретіндігін атап өткен жөн. Басқарма қызметшілеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды сақтау бойынша консультациялық көмек көрсетіліп, Әдеп кодексінің нормаларын тәжірбиеде қолдану мәселелерін түсіндіріліп және құқық бұзушылықтарды жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды қызметкерлер арасында талқыланып тұрады. Басқарма қызметкерлері Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы нормативтік-құқықтық заң талаптарын сақтай отырып, функционалды міндеттеме шеңберінде мемлекеттік мекемелерден келіп түскен қаржылық құжаттарды өткізу жұмысын жоғары деңгейде атқарып келеді. Осыған орай Ұйғыр аудандық қазынашылық басқармасы қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамымызда туындамауына, жол берілмеуіне ат салысып келеді.

Жыл сайын қазынашылық органдары арқылы қаржылық құжаттардың орасан зор ағыны, яғни нақтылы ақшалай қаражаттың «көшкіні» өтеді. Ол бюджеттің нысаналы әрі тиімді қолданылуын бақылауды басты назарда ұстай отырып, бюджетті атқаруда осынау жауапкершілікті жұмысты абыройлы әрі адал атқару қазынашылық қызметкерлерінің ел экономикасына қосқан орасан зор үлесі екені белгілі.

Бүгінде біздің басқармада «Қазына­шы­лық-клиент» ақпараттық жүйесі ар­қылы рес­публикалық және жергілікті бюд­жет­терден қаржыландырылатын 36 мем­ле­кеттік мекемеге, 1 квази­мем­ле­кеттік сектор субъектісіне қызмет көр­сетіледі.

Біз, өз мамандығы бойынша ең­бек етіп жүрген адамның кез кел­гені, елінің гүлденіп көркеюіне өзіндік үлес қосуды қалаймыз. Елдің дамуы әрбір азаматтың еңбек етуіне, отаншыл­ды­ғына байланысты. Осы үшін бәріміз барымызды салып жүрміз деген пікірдегі қазынашыларымыздың қызметі бабында не істесе де халық мүддесі үшін атқаратын, ел болашағын бәрінен үстем көретін, саналы да білікті, кәсіби маманда­рымыздың Қазақстанның гүлденіп көр­кеюіне қалтқысыз еңбегімен әлі де ба­ғындырар асулары мол, әрі биік шыңдар мен межелерден көрінетініне сенім артамыз..

Қ.ЖАНҒАЗИЕВ,

аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АФМ проводится расследование в отношении активистки волонтерского движения и учредителя общественного благотворительного фонда Перизат Кайрат.

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам, пострада…