Өзім құрмет тұтатын, ақындығы бір төбе, ұстаздығы бір төбе Мамытхан ағам сырқаттанып ауруханаға түсіп қалыпты. Емделіп шығып, өзінің алғысын өлең жолдарына сыйдырыпты. Біреуге рақмет айту, алғыс арқалату, құрмет көрсету деген қасиеттер азайып бара жатқандай көрінетін мына қоғамда оның өлеңіне елең ете қалғанымды жасырмаймын. Сосын дәрігерлерді түгендей бастадым, қай бөлім, кім екен деп. Рақмет Сізге, құрметті дәрігерім, – деп тақырып қойыпты. …