Әр ауылда ауыздары дуалы, айтқандары жөн ақсақалдар болады. Олардың алдында үлкен де, кіші де, ақ жағалылар мен шенеуніктер де бас иіп, ақылына тоқтап жатады. Сонымен қатар ешкіммен ісі жоқ, өз тіршіліктеріне өздері берік, белгілі бір саланың жілігін шағып, майын ішіп жүріп жұмыстарын дөңгелететіндер де кездеседі. Сабырлы, қоңырқай күй кешіп, өз ісінен нәпақа тауып жүргендер қатарында Кетпен ауылының тұрғыны Тойған аға …