Бабалардан қалған жақсы тәмсілдердің бірі «Туған жерге туыңды тік». Яғни жақсылығыңды туған жеріңе арна деп түсінуге болады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Туған жер» бағдарламасының болуы да тегіннен тегін емес. Ауданнан түлеп ұшқан қыз-жігіттердің ірі қалаларда қызмет атқарғандарымен айналып келіп ауылға соғып, оның гүлденуіне үлес қосып жатқандарының қатары жыл санап артып келе жатқандығы қуантады. Әр ауылдан жаны жайсаң, қолы жомарт жандардың шыққандығы да туған жерге деген құрметтен болса керек. Аудан көлемінде «Атамекен» кіші бағдарламасына сәйкес ауылдық округ бойынша 16 жоба жасалып, оның сомасы жалпы 26 млн. 491 мың 279 теңгені құрады.
Кіші Дихан ауылының тумасы Токумов Алматбек өз ауылының мәдениет үйіне дыбыс күшейткіш құрал жабдықтарын алса, Қосжан Шормақов Үлкен Дихан ауылындағы жалғыз басты ана Р.Құсайыноваға тұрғын үй сатып алып беріп, қайырымдылықтың үлкен үлгісін көрсетті. Қырғызсайлық Серік Турдалиев өзі оқыған мектебіне «Қазақ күресі» ұлттық ойындарын жандандыру мақсатында спорт ойындарына қажетті заттарды алып, жастардың саламатты өмір салтын ұстануларына қолғабыс етті.
«Туған елге көмек берем» атты акция аясында Алматы қаласының тұрғыны жеке кәсіпкер Абдулминов Бахтияр Баратұлы аудандағы жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен отбасылардың балаларына жалпы құны 3 млн 500 мың 1 балаға — 85 мың теңге көлемінде 40 баланың лагерьде демалуына жолдама берсе, жеке кәсіпкер Раимкулова Шарваням мүмкіндігі шектеулі 60 балаға сыйлық ұйымдастырды. Сүмбе округіне қарасты Шошанай ауылының түлектері латын әліпбиімен ауылдың кіреберісіне «SHOSHANAIAY ‘YLY» деп жазды.
Елді мекендердің жолын, ауыл ішін жарықтандыру, абаттандыру және көркейту жұмыстарына 10 жоба үстіміздегі жылдың шілде айында қолға алынбақшы (Қалжат, Кетпен, Дардамты 2 жоба, Тиірмен 2 жоба, Шарын, Сүмбе,Үлкен Ақсу, Ават), тамыз айында Бахар ауылында балалар ойын алаңын салу жоспарлануда. Ақтам ауылының саябағын қоршау жұмыстары қыркүйек айында басталады.
Шонжы ауылының № 4 ықшам ауданы ауласына ашық аспан астындағы жаттығу кешенін салу, (жобаның құны 1,5 млн.теңге) Тасқарасу ауыл тұрғындарына демалыс паркін салу, (жобаның құны 2,5 млн.теңге) Шарын ауылының Елебаев, Жібек жолы, Кебиров және Жамбыл көшелеріне жарақтандыру жұмыстарын жүргізу, (жобаның құны 3,0 млн. теңге) Қырғызсай ауылының орта мектебіне «Қазақ күресі» ұлттық спорт ойындарына арналған қажетті заттарды алу, (жобаның құны 1,0 млн.теңге) Ават ауылының Г.Илиев және Р.Бакиев көшелерінің жолдарына құм-тас төсеу жұмыстары, (жобаның құны 1,1 млн.теңге) Дардамты ауылының кіріберіс жеріне арка және Сұңқар ауылының кіреберісіне «Сұңқар» құсының сұлбасын орнату, (жобаның құны 3,5 млн.теңге) Қалжат ауылының Ачала және Х.Машуров көшелерінің жолдарына құм-тас төсеу жұмыстарын жүргізу, (жобаның құны 1,2 млн.теңге) Үлкен Ақсу ауылына жастар алаңын салу, (жобаның құны 1,2 млн.теңге) Сүмбе ауылы тұрғындарына арналған демалатын орын, (жобаның құны 1,4 млн.теңге) Тиірмен ауылының И.Муллашев және А.Хамраев көшелерінің жолдарына құм-тас төсеу және балалар ойнау алаңын салу жұмыстарын жүргізу, (жобаның құны 1,6 млн. теңге) А.Таңқұл көшесінің жолына құм-тас төсеу жұмыстарын жүргізу, (жобаның құны 1,3 млн.теңге) Алдағы уақытта қолға алынбақ.
Ауылына қарап азаматын тануға болса, онда біздің әр ауылдың көркі азаматтарының мықтылығымен бағаланар деген ойдамыз.
Бинара СЫДЫҚБЕКОВА,
аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысы