Аудандық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен әдеби кеш қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор, академик, абайтанудың негізін қалаушы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналды. Әдебиеттің асқары іспеттес тұлғаның өмірі де, өзі де дара. Ол – Абайды бүкіл дүние жүзіне танытқан қазақтың біртуары. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Мұхтар Әуезов – біздің бүгінгі адамзатқа ортақ …