Онда сізге келесі ақпарат өте пайдалы:
SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, жарамдылық мерзімін тексеріңіз.
Жеке кабинетке сіз интернет-ресурстың басты бетінен немесе SMS-те көрсетілген сілтеме бойынша ауыса аласыз. Ары қарай келесідей алгоритм бойынша әрекет етеміз:
Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;
«Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін (паролін) дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;
ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз. Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаймыз.
Электрондық қолтаңбаның қолданылу мерзімі әлі аяқталмаған жағдайда өтінімді онлайн беруге болады.
Бұдан әрі негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;
Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшін сіз компьютерді таңдасаңыз, өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріңізге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс. Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.
«Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тіркеу куәліктерін сәтті орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.
Құттықтаймыз!
Айтпақшы, ЭЦҚ қолдану мерзімін ұзарту да, оны жаңадан рәсімдеу де тегін қызмет.
Басты бет Әлеумет Сіздің телефоныңызға ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзімі аяқталатыны туралы ескерту SMS келді ме?
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛМІЗ
«Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы… -
АТАҢНАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН
Шошанайлық ағайын мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты.… -
Ассамблея вәкиллири билән кеңәш өткүзүш
Қазақстан Жумһурийитиниң Президенти Қ.Ж.Тоқаев «Мениң тапшуруғум билән өлкә башчилири …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ
Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…