Басты бет Заң және қоғам Абайлаңыз, балалар!

Абайлаңыз, балалар!

0
63

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Абайлаңыз, балалар!»  атты жедел профилактикалық іс-шара биыл да өз жалғасын тапты. Бұл акцияның мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ, балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару. Қыркүйектің алғашқы күнінен басталған акция айдың аяғына дейін жалғасын таппақ. Жаз бойғы демалыстан мектепке енді келген балалар үшін алғашқы уақытта жолға немқұрайлылық, салғырттық болуы ықтимал. Осы уақытта балаларға жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін тағы да еске салып, мектеп оқушыларының амандығын сақтауда учаскелік инспекторлар, полиция қызметкерлері жаппай жұмылдырылады.

Ауданымызда акция кезінде тиісті атқарушы билік органдарымен, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да мүдделі тұлғалармен бірлесіп мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде іс-шаралар жоспары әзірленіп, бүлдіршіндеріміздің өмір қауіпсіздігін сақтау үшін барша полиция қызметкерлері атсалысты. 1 қыркүйек білім күні аудандағы 33 мектептің маңында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тікесінен тік тұрып жұмыс жасады. Алғашқы қоңырауға шат-шадыман келген балалар балалықпен зуылдаған көлікті аңғармай да жатты. Тіпті жол қауіпсіздігін сақтамай, ереңсіз болған бүлдіршіндер де кездесті. Осындай келеңсіздіктерді болдырмауға күш салған полиция қызметкерлері мектеп маңындағы әрбір баланы арнайы қауіпсіз жаяу жүргіншіге арналған орындардан өткізіп, жол ережелерін тағы бір мәрте естеріне салып жатты. Арнайы жолақтардағы жол белгілеріне назар аударып, тиісінше ережеге бағынуды көлік жүргізушілерінен де талап етті. Сонымен қатар учаскелік инспекторлар сыныптарға кіріп, ата-аналармен, ұстаздармен, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, акция мақсатымен таныстырып, жол қауіпсіздігі ережелерін әрдайым сақтап жүруге шақырды. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге қарапайым жолда жүру ережелерін түсіндірді. Оларға көше бойында қалай жүріп, тұру қажеттігін, бағдаршамдар мен арнайы жолақтардан өту тәртібін де егжей-тегжейлі түсіндіріп, ақ жол тіледі. Акцияның алғашқы күнінде полиция бөлімі басшыларынан бастап 38 қызметкер мен 10 көлік жұмылдырылды. Олар барлық білім беру мекемелерінің маңында болды.

Байлығымыз – балалар. Келешегіміз де – сол бүлдіршіндер. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсысымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы еске салып, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал. Өйткені сақтықта қорлық жоқ…

А.Қаби

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Б.Н. Асыловтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сотпен экстремисттік деп таны…