Басты бет Саясат АЭС – болашаққа батыл қадам

АЭС – болашаққа батыл қадам

0
139

Мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанда АЭС салу мәселесін халық таңдауына ұсынып, 6 қазанда бүкілхалықтық референдум өткізу туралы айтылған болатын. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат екенін айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзінен кейін елімізде референдумға дайындық жұмыстары басталып кетті. Әрине, ел ішінде түрлі алып-қашпа әңгімелер де, үрей мен қорқыныш та болатыны анық. Сол себепті халықтық штабтар құрылып, еліміздің түкпір-түкпірінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсатта Ұйғыр ауданына Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжан, Максим Рожин, Данияр Қасқарауов және Алматы облыстық мәслихат депутаты Қияс Алдабергендер арнайы келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.

Халық қалаулылары ең әуелі аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында ақ халатты абзал жандармен кездесті. Жиынды ашқан «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы келген қонақтармен таныстырып, мемлекет басшысының Жолдауында айтылған АЭС салу мәселесі энергия тапшылығының алдын алып қана қоймай, экономикамыздың ілгерілеуіне жасалатын қадам екенін айтып, алғашқы сөзді Жанболат Әкебайұлына ұсынды.

Жанболат Әкебайұлы әлемнің дамыған елдерінің барлығы бүгінде энергия тапшылығын АЭС арқылы ғана шешіп отырғандығын, дүниежүзінде 435 АЭС жұмыс істеп тұрғанын, тіпті көрші Ресейде 36, Қытайда 54 дәл осындай станциялар бар екендігін сөз етіп, нақты дерек-дәйектерді ұсынды. Атом электр станциясы дегенде елдің көкейінде екі түрлі қорқыныш бар екенін де жасырмады. Оның біріншісі – қауіпсіздік мәселесі болса, екіншісі кадр жайы. Қауіпсіздік мәселесіне келгенде елдің жүрегінде қалған Чернобыль оқиғасы мен Фукусимо-1 АЭС апаты еске оралады. Осындай қайғылы оқиға қайталанбайды ма деген заңды сұрақ туындары да анық. Бірақ қазіргі кезде МАГАТЭ халықаралық атом энергиясы агенттігі дүниежүзіндегі атом электр станцияларының қауіпсіздгіне қатаң қадағалау жсаайтындығын, қазіргі кезде 3+ стандарты бойынша салынатын станциядарда басты назар қауіпсіздікке аударылатынын жіті түсіндірді. Ал кадр мәслесінде де алаңдайтын ештеңе жоқ. Қазірдің өзінде елімізде атом саласын меңгершен мамандар баршылық. Сонымен қатар еліміздің бірнеше жоғары оқу орындары алдағы жылдары атом саласы мамандарын дайындауды қолға алуда. Тіпті шетелде тәжірибе жинақтаған мамандар саны да аз емес. Сондықтан біз маман тапшылығын көре қоймаймыз. Осындай мәселелерді жік-жігімен айтқан Жанболат Жөргенбаев халық таңдауы маңызды  екенін, сондықтан 6 қазанда өтетін референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Ал мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан бұл мәселе бұған дейін парламент қабырғасында сан мәрте талданып, таразыланып, ғалымдар мен мамандарға түрлі халықтың көкейінде жүрген сауалдар жолданып, талас-тартыстың болғанын да жасырмады. Бірақ еліміздегі су қорының аздығы, жылу электр сатнциялары арқылы экологияның ластануы, күн санап елімізде энергия тапшылығы сезіле бастағанын, тіпті мамандардың болжауынша 2030-35 жылдары Қазақстан энергия тапшылығын қатты сезінетінін айта келе, АЭС салу еліміз үшін батыл қадам екенін, сол қадамды жасау қажеттігін жеткізді. «Дамыған елдердің барлығы АЭС-ке арқа сүйеген. 1950-ші жылдары Қаныш Сәтпаевтың өзі атом бомбасының «әкесі» атанған Игор Курчатовқа хат жазып, Қазақстанға атом реакторының қажеттігін дәлелдеген. Сондықтан біз дәл қазір энергия тапшылығын жоятын қадамға баруымыз керек», — деп нақты деректермен сөзін жалғаған Жанарбек Садықанұлы азаматтарды референдумға келіп таңдау жасауын сұрады.

Максим Рожин АЭС-ке тек энергия тапшылығы жағынан ғана емес, экономикалық даму тұрғысын қарау керектігін, таза энергиямен өндіріс орындарын ашып, алпауыт елдермен сауда-саттық байланыс орнату Қазақстан үшін маңызды қадам екенідігін баса айтты.

Жиналғандар тарапынан Балқаш көліне келіп-кетер зиянның қаншалықты екендігі, АЭС қауіпсіздігіне кім жауап беретіндігі турасында сауалдар жолданды. Халық қалаулылары әр сауалға егжей-тегжейлі жауап беріп, халықтың көкейіндегі күмәнді сейілткендей болды.

Абай атындағы орта мектепте өткен дәл осындай жиынға аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері мен тұрғындар қатысты. Мұнда да еліміз уран өндіріс бойынша алдыңғы орында тұрғандығымыз, дүниежүзіндегі уран қорының 14 пайызы қазақ жерінде жатқандығы, сондай-ақ ел дүрлігіп отырған Семей полигонының мақсаты мүлдем басқа болғандығын, ал АЭС дәл ондай қорқыныш ұялатуға себеп еместігін келген қонақтар тұрғындарға түсіндірді. Десе де АЭС құрылысының қажет, қажет еместігін халық таңдауына ұсынған мемлекет басшысының әр қадамы ел дамуы үшін жасалғандығын да айтып өтті. Алдағы референдумда осы елдің азаматы ретінде таңдау жасап, болашақтың қамыны үлес қосуға шақырды.

Қос жиынды да Ұйғыр аудандық мәслихат хатшысы Нұрәкім Есжан қорытындылады. Ауданда да дәл осындай штаб құрылып, ауылдарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығынан хабар беріп, алдағы референдумға толықтай қатысуға шақырды.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Шарындықтар белсене атсалысты

Халық арасында «Тазалық – денсаулық кепілі»дейтін тәмсіл бар. Қазіргі таңда жүзеге асырылы…