Басты бет Заң және қоғам ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ЖОЛДАРЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ЖОЛДАРЫ

0
1,080

Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда қоғамның айықпас дертіне айналып бара жатқан ауқымды мәселе болып тұрғандығы айқын. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, болу ықтималдығын анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үздіксіз әрі нәтижелі жұмыс жүргізіп отыру, сыбайлас жемқорлық-құқық бұзушылыққа қарсы күресті мүмкіндігінше белсенді жүзеге асырып отыру әрбір азаматтың негізгі міндеті. Осы орайда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы Заңын басшылыққа ала отырып, облыс және аудан аумағында сыбайластың тамырына балта шауып, жегі құртқа айналған жемқорлықты жоюға тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.

Осы орайда ағымдағы жылдың басында Алматы облысы бойынша әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар құрылысының барысына қоғам белсенділері мен еріктілердің мониторингін іске асыру бойынша жол картасы бекітілген болатын. Аталмыш жол картаға біздің ауданымыз бойынша бір әлеуметтік нысанның құрылыс жұмысы енгізілген. Ол аудан орталығы Шонжы ауылдық округінен салынып басталған алайда әлі аяғы шықпаған спорт сауықтыру кешенінің құрылысы. Аталмыш спорт кешені 2019 жылы басталып, 2020 жылы қолданысқа берілу керек болған. Алайда 2020 жылдың қыркүйек айында бұл нысанның құрылыс сапасы сын көтермей темір жабындысы толықтай қирап қалды. Осы аталған нысанның алдағы уақытта қайта жүргізілетін құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылау үшін, бұндай олқылықтар орын алмауы үшін, құрылыс сапалы жүргізіліп, ендігі жоспарланған мерзімге кешіктірмей қолданысқа беру үшін қоғам белсенділері мен еріктілерді жоғарыда аталған жол картаға бақылаушы ретінде енгізіп, жұмыс барысын бастан аяқ қадағалап отыру жүктелген болатын. Жоғарыда аталған жол картаның негізгі мақсаты құрылыстың сапалы жүргізілуін бақылау болғандықтан спорт кешенінде алдағы уақытта жанданатын құрылыс жұмыстарын еріктілердің құрамы толықтай қоданысқа берілгенше сапасын қатаң қадағалап отыратын болады.

Сонымен қатар Алматы облысы бойынша әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар құрылысының барысына қоғам белсенділері мен еріктілердің мониторингін іске асыру бойынша облыс әкімінің бекіткен осы жол картасын негізге ала отырып, аудандық ішкі саясат бөлімі ағымдағы жылдың басынан бері аудан аумағында мемлекет қаражатына салынып жатқан  әлеуметтік нысандар мен күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан ғимараттардың құрылыс сапасын бақылауда ұстап, оларға халықтық қадағалауды нығайта түсу үшін қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, жұмыс барысын бақылаудан өткізіп, жүргізіліп жатқан құрылыстың жұмыс процесіне арнайы бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желі кеңістігінде және халық арасында кеңінен насихаттауды жүзеге асырып келе жатыр. Осылайша аталған жол карта және ондағы жоспарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жоба өз кезегінде тиісті дәрежеде жүзеге асырылуда. Сыбайлас-жемқорлық жайлаған елдің болашағы жарқын болады деп айта алмаймыз. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресті белсенді әрі үздіксіз жүргізіп отыру әрбір азаматтың борышы болып қалыптасуы керек.

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Верховный Суд не отменял запрет на ношение платков в школах

◾️ В публикациях СМИ и в социальных сетях распространяется недостоверная информация, что В…