Басты бет Тағзым ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ ЖАН

ӨМІРІ ӨНЕГЕЛІ ЖАН

0
965

Кез келген маман иесі ұстаздың алдында отырып алғашқы білімін алып, зейінін ашып, кішкентай ұядан үлкен өмірге қанатын қомдайды. Ұстаздық ету — еңбек жолын бастаған сәттен үлкен жауапкершілікті арқалай жүріп, бейнетті жылдарды бастан өткеру. Ұстаздық дейтін ұлы мәртебені абыроймен арқалап, жүздеген, мыңдаған шәкірттерді тәрбиелеп шығарып жатқан мұғалімдер аз емес. Осындай ұлағатты ұстаздардың бірі әрі бірегейі бүгінгі әңгімеміздің басты кейіпкері болмақ. Білім саласының ардагері, ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп зейнеткерлікке шыққан Қойшыбаева Раиса Тұрсынбекқызының өнегелі өмірі мен еткен ерен еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп насихаттау мақсатында осы тақырыпты тарқатып айтпақпыз.

Әйгілі Алакөл ауданынан қасиетті Қарадалаға жас келін болып алғашқы қадамын жасаған Раиса апай осы өңірді өсіріп, өндіріп, осы өңірдің майталман мұғаліміне айналып, білім саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып, абыроймен зейнткерлікке шыққан. Ұстаздың өмір жолымен және еңбек даңғылымен жақынырақ таныс  болу үшін өзімен тілдескен болатынбыз. Ұлағатты ұстаз бүгінгі Жетісу облысы, Алакөл ауданы Еңбекші ауылында 1954 жылы 16 наурызда білімді әрі зиялы отбасында өмірге келген. Үйдің отағасы Қойшыбаев Тұрсынбек Ұлы Отан соғысының ардагері, 40 жылдық педагогикалық еңбек жолында математика пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен, мектеп директоры, совхоз парторогы аудандық бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған Алакөл ауданының беделді тұлғасы. Отанасы Бегалинова Қапиза  алтынқұрсақты ана ретінде білімді ұрпақ тәрбиелеп, «Батыр ана» орденінің иесі атанған. Ұзақ жылдар бойы кітапхана меңгерушісі болып нәтижелі еңбек еткен. Халыққа қалтқысыз қызмет еткен осындай өнегелі отбасында тәрбиеленген Раиса Тұрсынбекқызы 1972 жылы мектепті алтын медалмен тамамдап, асқақ армандарын арқалап, Алакөлден қанаттанып, Алмақалаға келіп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық иститутының математика факультетіне оқуға түседі. 1976 жылы аталмыш білім ордасын үздік бітіріп, ұстаздықтың ұлы даңғылына қадам жасайды. Алғашқы педагогикалық еңбек жолын 1976 жылдың қыркүйек айында Әулиешоқының баурайындағы  Тиірмен ауылының орта мектебінен бастаған. Еңбек жолының Тиірменде басталуына шаңырақ көтеріп, осы ауылдың келіні болуы тікелей себепші болды. Осы жылдары Дәуранбеков Ноғайбек Хасенұлымен отау құрып, отбасылық өмірінің де жаңа парағын ашады. Бүгінде ардагер ұстаз, ауданымыздың беделді ақсақалы Ноғайбек Хасенұлымен 2 ұл, 4 қызды дүниеге әкеліп, олардан 16 немере сүйіп отырған бақытты ата мен әже. Тұла бойы тұңғыштары Олжас елорда тұрғыны. Қаржыгер болып қызмет жасайды. Олжастан кейінгі қыз Гаухар жеке  кәсіпкер болса, үшінші қыз Лаура Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Одан кейінгі Ләйлә Қазақ Ұлттық университетінің филология фаультетінде әдебиеттанушы мамандығы бойынша магистратура студенті. Қара шаңыраққа ие болып отырған Нұртас Ұйғыр  аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметінде. Үйдің кенжесі Жанар ата-анасының жолын қуып ұстаздықты жанына серік етіп келеді.

Раиса Тұрсынбекқызы Тиірмен орта мектебінен бастаған ебек жолын 1990 жылы Дардамты орта мектебінде оқу ісінің меңгерішісі, 1995 жылы Қырғысай орта мектебінде, 2002 жылы Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерімен жалғастырды. Отбасындағы бала сапалы тәрбиесі мен мектептегі нәтижелі қызметтің екеуін де ақсатпай қатар алып жүруді басты ұстанымы етті. Мектепте орынбасарлық қызметте мұғалімдердің іскер, шығармашыл ұстаз болып үздіксіз тәжірибе жинақтау жолына бағыт- бағдар беруді де негізгі борышы деп білді. Жас мамандарды тәрбиелеу жолында түрлі әдістемелік кеңестер мен байқау, конкурстарға қатыстырып, шығармашылығын ұштауына өзінің айтарлықтай үлесін қосты.

Табанды еңбек пен маңдай тердің арқасында аудандық білім бөлімі, облыстық білім басқармасының  құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған. Ал 2011 жылы Білім және Ғылым министрлігі ұстаздың ұзақ жылғы еңбегін жоғары бағалап, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісін табыстады. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін де ұстаздықтан қол үзбей аудан орталығындағы медициналық колледжде директорлық лауазымды абыроймен атқарды. 2017 жылдан мемлекеттің «Балапан» бағдарламасы бойынша Шонжы ауылында 2-6 жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін «Есентай бөбекжай балабақшасын» ЖШС-ның жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда балабақшада 90 бала сапалы біліммен тәрбиеленуде. Сондай-ақ 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ұлағатты ұстаздың өмір жолы да, еңбек даңғылы да өскелең ұрпаққа нағыз үлгі деп айтуға болады.

Ақжол НҰРДӘУЛЕТ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МАҚТАУҒА ТҰРАРЛЫҚ – МУХАББАТ

Кіші Ақсу шағын ғана, тұрғындар саны да онша көп емес ауылдардың бірі. Осы ауылдың ынтымағ…