Басты бет Әр қилы ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

0
295

Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

Осы уақытқа дейін 420 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ).

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_):

1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3) қоршаған ортаны қорғау;

4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10) мәдениет пен өнерді дамыту;

11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.

Қазақстан РеспубликасыныңМәдениет және ақпарат министрлігі
2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыларды беру қағидалары негізінде беріледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041).

 Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі:

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;

  2023 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсынған ҮЕҰ;

Соңғы үш жылда сыйлықақы иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар:

үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;

2023 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсынбаған ҮЕҰ;

соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

      4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған сала  бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

   5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

          8) әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда).

Ескерту: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі.

Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне 1 шілдеден 2 қыркүйекке дейін қоса алғанда (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін) premiya_npo@mail.kz (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда(CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында)қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады.

ҮЕҰ-ның өтінімдері екі кезеңмен қаралады:

бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды;

өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17.

Ескерту!

Өтінімді premiya_npo@mail.kz электрондық мекенжайға жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

УНИҢ ҺАЯТИ ӘМГӘК БИЛӘН ЖУҒИРИЛҒАН

Кеңәш дәвридики өтмүшни әскә алидиған болсақ, түрлүк иш қойнида әмгәк әткән инсанларниң қи…