Басты бет Қазақ елі ДАРАЛАНҒАН САРБАЗҒА ТЕГІН ГРАНТ

ДАРАЛАНҒАН САРБАЗҒА ТЕГІН ГРАНТ

0
112

Еліміздегі жоғары білім орындарында тегін оқуға грант жеңіп алған шекарашы сарбаздардың қатарына біртіндеп көбейіп келеді. Соның нақты дәлелі, өткен жылға қарағанда биыл «Көктем-2023» шақырылымының 6 сарбазы осындай мүмкіндікті иеленгені белгілі болды.

Отан қорғаушы күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға мемлекеттік гранттар бөлу туралы заңға қойған болатын. Осы заңға сәйкес, сарбаздар алдағы күзден, жаңа оқу жылынан бастап, 100 пайыз жеңілдікпен өздері қалаған университет қабырғаларында білім алады.

Солардың қатарында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінен алты шекарашы сарбаз бар.

Олар – қатардағы жауынгерлер: Диас Хамзин, Мақсат Зада, Арсен Матқұрманов, Сұлтан Абиханов, Ислам Муталиев және Бақытжан Исраилов. Өздерінің Отан алдындағы анттарына адалдық танытып, жыл екі ай бойғы талаптардың үдесінен шыға білгені үшін студент атанғалы тұрған шекарашыларға сертификат жақында өткен ауқымды шаралар кезінде табыс етілді.

…Департамент бастығы полковник Ә.Каюповтың қолынан маңызды құжатты иеленген қуаныш иелерінің бірін сөзге тартқан едік:

– Мен өзімнің азаматтық борышымды шекараның нағыз өтінде өтедім. Әскерде болған бір жылдың ішінде көп нәрсе үйрендім. «Срочник 2.0» бағдарламасына қатысып, төрт критерий бойынша балл жинадым. Таңдауым – еліміздегі ең мықты саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түскен болатын. Енді Заң факультетінде оқитын боламын. Басында өзімнің грантқа түсетініме сенген жоқпын. Бірақ, қазір сондағы «қалай болады?» деген күдіктен арылдым. Менің жақсы қызметімнің арқасында мемлекеттік грантқа ие болғанымды естіп, ата-анам да қатты қуанды.

Біздің орнымызды басып, қолдарына қару алған өзім секілді жігіттерге де айтарым: «Әскери қызметтен қорықпаңдар! Болашақтарыңа сеніңдер! Әскери орта – сендерге өмірлік тәжірибе береді. Біз секілді барлық жағынан даралансаңдар, армандарың орындалып, өздерің қалаған оқуға түсесіңдер!», — дейді «Көктем-2023» шақырылымының қатарында қызмет атқарған Мақсат Зада.

Иә, сұхбаттасымыз айтып өткендей, аталған бағдарламаға қатысушылардың жеке тәртіптері, шекара нарядында атқарған қызметтері, психологиялық жай-күйлері мен оқу-жаттығу кезінде алған бағалары маңызды рөл атқарды.

Ендеше, бұл – шекарашы болуға дайындалып жүрген «Көктем-2024» шақырылымы үшін тамаша мүмкіндік!

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – ЕРГЕ МІНДЕТ

Ел арасында қазір баласын әскерге жіберуге қорқатындар саны артқан. Бойларын үрей билеген.…