Басты бет Әлеумет БІРІГІП КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

БІРІГІП КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

0
378

Апат айтып келмейді. Табиғаттың бұла күшіне адамдар қарсылық таныта алмай қалды. Су тасқыны мал-жанды аяған жоқ. Алдын ала әзірлік шаралары дұрыс ұйымдастырылса, апатты аймақтардағы тұрғын үйлер мен мал қораларын аман сақтап қалуға болар ма еді деген ой арғы дүниемізде қылаң береді. Бірақ болары болып, бояуы сіңді. Жауапты лауазымды тұлғалар сөгістерін алды.

Мемлекет басшысы осы күрделі жағдайға байланысты өзінің үндеуін жария етті. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғандығын айтып, атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін  шұғыл түрде нақты тапсырмалар бергендігін түсіндірді. Барлық құтқару шараларының өз бақылауында екендігін ескертті. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы екендігі, зардап шеккен бірде-бір азамат ескерусіз қалмайтындығын да айтты. Арнай штаб құрылды. Одан тыс қайырымды азаматтар, жалпы бүкіл халық апатты аймақ тұрғындарына көмек қолдарын ұсынып жатыр. Қасиетті айда істелген қайырымды істің қайыры болары анық. Азық-түлік, қажетті заттармен әркім шамалары келгенше жәрдем беруде. Осындайда қол ұшын созып, ағайынға болыспасақ онда ел болғанымыздың қажеті шамалы. Әр ауыл, аудан, қала шамаларының келгенінше көмекке әзір екендіктерін танытуда. Ел басына күн туғанда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару арқылы бірлігімізді танытуымыз керек. Мемлекет, үкімет өз тарапынан тиісті шараларды жасап жатқанын көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп отырмыз. Пенде болғасын әртүрлі пікір айтылуы заңды. Дегенмен оқиғаны күрделендірмей, адамдарды үрейлендірмей нақты деректерге сенейік. Ешкімнің басына мұндай күндерді бермесін, ал енді оқиға орын алған соң оны жеңудің жолдарын қарастырайық. Елдігімізді, бірлігімізді, татулығымызды танытып, бастарына күн туған ағайынға жанашыр болайық. Президентіміздің үндеуіне үн қосып, апат болған өңірлердің азаматтарына сабырлылық тілейік.

Тәліпхан АБИРОВ,

ауыл ақсақалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…