Басты бет Көкжиек ЖЕҢІМПАЗДАР – МАҚТАНЫШЫМЫЗ

ЖЕҢІМПАЗДАР – МАҚТАНЫШЫМЫЗ

0
397

Шонжыдағы №1 мектеп-лицей ұжымы биыл әртүрлі олимпиадаларда аудан намысын қорғап, жүлделі оралған оқушыларымен мақтана алады. Олардың жеңіске жетуіне жетекшілерінің еңбектері орасан. Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары 9-сынып оқушылары орыс тілі мен әдебиеті бойынша Нурсанәм Хитахунова, Эльгиза Юсупжанова І орын алып, аудан намысын республика көлемінде қорғайтын болды. Физика пәні бойынша 11-сынып оқушылары  Медина Аучанова, Рахманжан Джалалов ІІІ орынды иеленді. 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі бойынша құқық пәнінен 9-сынып оқушысы Гулроза Молутова І орынға қол жеткізсе, биология пәнінен  Э.Юсупжанова ІІ орынды місе тұтты. 10-сыныптар арасында құқықтанудан Малинура Саметова ІІ орынды иеленсе, химия пәнінен Дилинур Зайналова ІІІ орынды, 11-сыныптар арасында Жасмин Ренатова биология пәнінен ІІ орынды, географиядан Эльмира Коммунарова І орынды жеңіп алды. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Бахрам Тельманов құқық пәнінен ІІІ орын, Зарина Мерянова физика пәнінен І орын алып, республикалық кезеңде грамотаға ие болса, Амир Юрьев информатика пәнінен республикалық додада ІІІ орынды иеленді.  Дарынды балаларды дайындап, облыстық, республикалық олимпиадаларда жүлдеге жеткізген жетекшілері Назигуль Ибрагимова, Халида Палтаева, Рошангуль Червякова, Бахитхан Оталипова, Радмила Таипова, Рехангуль Масумова, Фарида Мусаева, Адилжан Исмаилов, Халидам Хевизоваларға айтар алғысымыз шексіз.

Мектебіміздің абыройын асқақтатқан оқушылар мен ұстаздардың алдағы уақытта алар асуларына, шығар биіктеріне сенеміз.

№1 ШОНЖЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ҰЖЫМЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Ғ.Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебінің алды мерекелік көрініске бөленіп, гүлге, …