Басты бет Көкжиек ЖАҢА ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАУ

ЖАҢА ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАУ

0
1,092

         Педагог қызметкерлерді аттестаттауды жетілдіру бойынша елімізде жүріп жатқан жаңа ережені талқылау барысында  педагогтерге толыққанды ақпараттар беруді және түйген ойымды ортаға салуды жөн көрдім.

Аттестаттау рәсімі педагогтердің біліктілігі мен кәсіби дағдыларын, ұзақ жылдық қызмет нәтижесін бағалаудың тиімді құралы болып есептелінеді. Аттестаттау рәсімі ұжымды сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге, білім беру сапасын арттыруға және педагогтерді үздіксіз білім алуға ынталандыруға, оларға материалдық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық педагогикалық ұжым жұмыс жоспары бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен (Педагогтерді аттестаттау ережесімен) толық танысулары керек. Мекеме  басшылары осы тақырыпты толық талқылап, тиісті бөлімдерді зерделеп алуы тиіс. Директордың орынбасары әр педагогтің аттесттациядан өту мерзімін (немесе мерзімінен бұрын өтуге лайық деп табылса) 5 жылға арналған перспективалық жоспар бойынша ашық түрде бақылап отыруы міндетті. Ақпарат ашық әрі көрнекі түрде болса, әр педагогтің бойында жоспарлы жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Әрі оқу жылының соңындағы педагогикалық кеңесте келесі оқу жылында аттестталатын педагогтердің аты-жөні, тізімі анықталып, нормативтік құжаттармен таныстырылады.

Бүгінгі таңда педагогтердің санаттарын жоғарылату және тағайындау процесінде көптеген өзгерістер күтілуде. Оның себебі, мұғалімдердің портфолиосын жинақтауды және жүйелеуді, одан әрі цифрландыруды жүзеге асырмайынша педагогика саласындағы бюрократиядан құтылу, заңсыз әрекеттерді жою мүмкін болмай кетті. Сондықтан да аттестаттау ережесінің жаңа жобасына бірқатар өзгерістер енгізілуде.

Қазақстан Республикасы педагог лауазымына және оның біліктілігіне қатысты екі бұйрық бар. БжҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 «Педагог лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығы. Барлық деңгейдегі және лауазымдағы педагогтердің  біліктілік талаптары мен санаттары осы №338 бұйрықта көрсетілген. Осы бұйрықтың 4-параграф, 21-тармағында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог/ тәрбиешілерге» әр санаттар үшін кәсіби құзіреттілігін айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптарын көрсетеді. Классификацияға жіті мән берсеңіз:

1) Педагог – білім беру ұйымы деңгейінде;

2) Педагог-модератор – білім беру ұйымы, аудандық деңгейде;

3) Педагог- сарапшы – аудандық, қалалық деңгей;

4) Педагог-зерттеуші – аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгей;

5) Педагог-шебер – республика және халықаралық деңгей талаптары айқындайды.

Осы бұйрықтың 7-параграфында барлық мамандықтардың пән мұғалімдері үшін 67-тармақта педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін айқындай отырып, біліктілігіне қойылатын талаптар айқындалады.

1) Педагог үшін мектеп деңгейі көрсеткіші.

2) Педагог-модератор үшін мектеп, аудан, қала деңгейі.

3) Педагог-сарапшыға  аудан, қала, облыстық деңгейі.

4) Педагог-зерттеуші үшін облыс, республика, республикалық маңызы бар қалалар деңгейі.

5) Педагог-шебер санаттарына қойылатын талап республикалық, халықаралық деңгейлік жетістіктер.

Екінші бұйрық 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрық. « Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, бастауыш, негізгі, орта және жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын, арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын, білім беру ұйымдарында, өзге де азаматтық өызметші лауазымды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрық. Бұл бұйрық аттестаттаудың ережесін, ретін, механизмін бекітеді. Бүгінгі күні осы бұйрыққа өзгерістер енгізілуде. Жалпы педагогтерге қойылатын талаптар өзгермейді. Аттестаттау Ережесінің жаңа жобасында 1-тараудың 2-тармағының 8- тармақшасында ҚР БжҒМ 2009 жылғы 13 шілдесіндегі № 338 бұйрығына сілтеме жасайды. Дегенменде өз біліктілік  деңгейін мерзімінен бұрын көтергісі келетін талаптар тек №83 бұйрықпен реттеледі.

Ал, енді жаңа Жобаның жағымды жақтарына да тоқтала кетейін:

Өзгерістер:

  • Аттестацияның 1 кезеңі – педагогтердің білімін бағалау (тест тапсыру); Тесті міндетті түрде педагог-модераторлар және педагог- сарапшылар тапсырады.
  • Тест 100 сұрақтан тұрады. Педагог-модераторлар үшін ұпай саны –

60 %; педагог- сарапшылар үшін ұпай саны – 70 % құрайды.

  • Тесті тапсырмайтындар: 30 және одан да көп жылдан еңбек өтілі бар педагогтер тест тапсырудан босатылады, бірақ міндетті түрде портфолио тапсыратын болады.
  • Педагог-зерттеуші және педагог-шебер санатын растайтын педагогтер тесттен босатылады.
  • Қосымша білім беру педагогтері: педагогика және психология негіздерінен тапсырады.
  • Тестті 2 рет тапсырады (1 – тегін, 1 – ақылы түрде);
  • Төртіншіден, Педагогтер портфолионы 12- қосымша бойынша тасырады.
  • 2024 жылы қыркүйек айынан бастап ПЕДАГОГТІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ ашылады.

Бұл  дегеніміз аттестаттау процесі толығымен автоматтандырылады. Мұғалімдер өздерінің кәсіби өсуі мен дамуын үнемі қадағалай алады  деген сөз. Барлық ақпараттар қолжетімді болады, әрі сұрыптау-талдау нәтижесінде педагогтерді түрлі марапаттарға ұсынуға  жол ашылады. Жаңа жобада көрсетілгендей, мұндағы артықшылықтар: мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы мен оларды қолдау мүмкіндігі артады. Осылайша, аттестаттау процесінде академиялық шыншылдық нормалары сақтала отырып ұйымдастырылады.

Жанатгүл АБИРОВА,

педагог

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрі…