Басты бет Жолдау ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БЕРІК БОЛҒАЙ…

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ БЕРІК БОЛҒАЙ…

0
116

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына өткен жылдың қыркүйек айында жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді біртіндеп жүзеге асырып келеміз. Әрине бұл құнды құжат барлық салаға қатысты көптеген түйіткілді мәселелер мен қолға алынуға тиісті жұмыстарды саралады, кеткен кемшіліктерді де жасырмады. Әсіресе сот саласына, құқық қорғау органдарының жұмыстарына байланысты да көптеген мәселелер айтылды. Еліміздің басты құндылығы – адам. Конституцияда да ең басты байлық адам және оның өмірі мен құқықтары деп айшықталғанын бәріміз жақсы білеміз. Бұл – айқын нәрсе.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауының бесінші бағдарын заң мен тәртіпке арнады. Қазіргі қоғам сөз бостандығы, ойлау еркіндігі берілген, әркім өз ойын әлеуметтік желіде ашық жеткізе алатын нағыз демократияны бастан өткерудеміз. Дей тұрғанмен әрқилы пікірдегі адамдар соттың әділдігіне, заңдың беріктігіне сенімсіздік танытып жататын кездері де жоқ емес. Ол әркімнің білімі мен таным, түйсігіне байланысты болып жатады. Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек, – деді мемлекет басшысы. Судьялардың дербестігін арттыру үшін Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін нығайтқан дұрыс. Судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру жұмысы Кеңестің құзыретіне беріледі. Сондай-ақ, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттігін тоқтату мәселесімен де осы мекеме айналысады.  Бұл мемлекеттік орган нақты кадрлық функциялары бар, толыққанды институтқа айналуы керек. Кадрларды іріктеуден бастап, барлық деңгейдегі соттарды тағайындауға ұсыным беруге дейінгі бүкіл міндет соларға жүктелетін болды. Апелляция институтын реформалау қажет. Істер бірінші сатыдағы сотқа қайтарылмай, нақты мән-маңызы бойынша шешім  шығарылуы керек.  Әкімшілік әділеттің қолданылу аясын да кеңейту қажет. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың ауқымды бөлігінің және мемлекеттік органдармен арадағы азаматтық-құқықтық даулардың Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен реттелуі отандық сот төрелігін барынша ізгілендіріп, әділдікке бастайды. Сонымен бірге, аудандық және облыстық соттар деңгейіндегі сот төрелігінің қолжетімді болу мәселесін пысықтау керек.

Азаматтар сотқа сенімдерін жоғалтпауы тиіс. Бизнес өкілдері сот алымдарының тым жоғары болуы олардың өз мүддесін қорғауына айтарлықтай кедергі келтіреді деп есептеген болатын. Бұл мәселе де оңды шешімін табуда. Мемлекеттің сот процесіне қатысуын азайтқан жөн. Мемлекеттік органдар арасындағы сот дауларын да ретке келтіретін кез келді. Әрине, сот жүйесін реформалау мұнымен аяқталмайды. Әлі де қоғамдық пікір тудырып отырған, сот саласында жасалатын өзгерістер болуы тиіс. Бұл шаруамен мамандар айналысуда. Жаңа қоғамды жаңашыл көзқарастағы адамдармен, халықтың мүддесін қорғайтын қолжетімді заңдармен құрамыз.

Арман ДАКИЛЬБАЕВ,

аудандық соттың маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БИЛИМ — ТӘРӘҚҚИЯТНИҢ КЕПИЛИ

Қазақ хәлқиниң мәрипәтчиси Ахмет Байтурсун оғлиниң «Билимлик болуш үчүн оқуш керәк. Бай бо…