Басты бет Өңір тынысы Жаңа облыс, жаңа газет

Жаңа облыс, жаңа газет

0
505

Бұқаралық ақпарат көздері өз алдына биліктің бір бөлігі екендігі нақты дәлелденген. Сондықтан да аталмыш сала қоғамның ең керекті қосалқы мүшесі ретінде үнемі қолданыста жүретін қажеттілігі. Дамыған заманға қарай ақпарат алу көздері де сәйкесінше дамып, бүгінгі күннің сұранысына қарай қанат жая түсуде. Бүгінгі күннің ақпарат тарату көздерінің белсенді қолданыстағы түрі ол әрине әлеуметтік желі, ғаламтордың кеңістігі екендігі айқын. Әсіресе жас буын ақпараттық технологияның даму тетігін жылдам меңгеріп, әлеуметтік желі парақшалары мен түрлі сайттар арқылы әлемнің әр түкпіріндегі жаңалықтардан хабардар болып отыруға әбден әуестенген. Қарыштап дамыған ақпараттық технологияның бұл кереметін пайдалану өте қолайлы және оңай екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Дегенмен ондағы сан түрлі сайттар мен есебі жоқ желілерден жаңбырша жауып жатқан алыпқашпа ақпараттардың пайдалысынан зияндысы көп екендігіне ешкім мән беріп жатқан жоқ. Осы орайда сенімді әрі нақты ақпарат таратып отыратын, көңілге күмән мен күдік ұялатпай жариялаған ақпаратына шынайы сене алатын газеттің орны өз алдына бір бөлек.

Халықтың ақпарат алу көздерін таңдау топтары бойынша бүгінгі күнде газетке деген сұраныс артпаса бәсеңдеген емес. Осы құбылысқа қарай жаңа газеттердің тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартып, көпшілікті қуантып жатқан жағымды жаңалықпен бөлісейік. Жетісудың төсінде күні кеше айрықша оқиға орын алып, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тарихи бастамасымен бұрынғы бір облыс Алматы облысы мен Жетісу облысы болып екіге бөлінгендігі баршамызға аян. Ғасырлық ғұмыры бар  «Жетісу» газеті аттас болғандықтан Талдықорғанның төрінде қалып, Жетісу өңірінің төл газеті болып танылса, жаңа құрылған Алматы облысының облыстық баспасөз беті ретінде «Алатау арайы» деген атаумен  жаңа газеттің тұсауы кесіліп жатқандығын жалпақ жұртқа жария ету үшін облыс орталығанан арнайы ақпарат саласының мамандары  ат басын біздің өңірге тіреді. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары К.Бағбаев өз сөзімен ашып, келген қонақтарды таныстырып, сөз кезегін баспасөз саласының мамандарына ұсынды. Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел алғашқы болып сөйлеп, ауданға келгендегі негізгі мақсаттарын түсіндіріп өтті. Жаңадан іргесі қаланған «Алатау арайы» облыстық газетінің редакторы Роза Қараева өз сөзінде тұсауы кесілген баспасөз құралының бүгінгі басқан алғашқы қадамдары мен ертеңге құрған жоспарларын айтып, оқырман ретінде біздің өлкеден қалың қолдау күтетіндігін көпшілікке жеткізді. Кезіндегі Алматы облысының ақсақал газеттерінің бірі «Огни Алатау» ақпарат көзінің басшысы Хасан Еспанов та қысқа да нұсқа сөз сөйлеп, өзі басқарып отырған газеттің тереңге жайылған тамырын айтып, тәжірибелі ұжым ретінде өз әріптестерін қолдап арнайы келгендігін жеткізді. «Өлке тынысы» ЖШС директорының бірінші орынбасары Әлия Құрманбайқызы өз сөзімен жиналысты қорытындылап, жаңа облыстың өзіне тән жаңа баспасөз құралы ретінде «Алатау арайы» газетінің құрылып, оқырманға жол тартқандығын ресми түрде мәлімдеп, қасиетті Қарадаладан қолдау табатындығына күмән келтірмеді. Жиын барысында жаңа газеттің барлық бағалық көрсеткіштері мен жазылу жолдары басылған ақпараттық қағаздар таратылып, таралымы мен жазылым бойынша басқа да толықтай мәліметтер таныстырылды.

Жадыра Жақсылықова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…