Басты бет Саясат МЕН ҮШІН ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

МЕН ҮШІН ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

0
1,563

«Бүгінгі күн — мен үшін ерекше күн. Өйткені мен бүгін алғашқы рет сайлауға келіп, бірінші рет осы мемлекеттің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Қазақстанның болашағын кімнің қолына сеніп тапсырсам болады деген ой мені де мазалады. Әрине, мен бүгін дұрыс таңдау жасағаныма сенімдімін. Президент сайлауы — еліміз үшін өте маңызды саяси шара. Оған әрбір азамат атсалысуы тиіс деп есептеймін», — дейді ең жас сайлаушы Алуа Әнуарбек.

Алуа бүгін өз ата-анасымен бірге Ұйғыр ауданындағы №897 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Болашақ журналист Алуаның арманы да асқақ. Жоғары оқу орнын бітірген соң өзі таңдаған сүйікті мамандығының майталманы болып, бұл қоғамның бір кетігіне кірпіш болып қалануды мақсат етеді. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…