Басты бет Әлеумет Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің кепіл шартын онлайн тіркеуге 11 мыңнан аса өтініш берген

Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің кепіл шартын онлайн тіркеуге 11 мыңнан аса өтініш берген

0
1,000

Өткен жылдың шілде айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, «Отбасы банк» АҚ), Blockchain технологиясымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» қызметін көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын.

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар кепіл шарттарды мемлекеттік тіркеуге 11 515 өтініш берген. Оның ішінде «Отбасы банкі» арқылы — 6429, «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы — 2629, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ арқылы – 2457 өтініш қабылданған.

Енді банктер жаңа технологияны қолдана отырып қажетті құжаттарды ХҚО-ға өзі жібереді. Бұл қызмет көрсету мерзімін 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Құқықтық талдау процесін автоматтандырудың арқасында банктер өтінім берген сәттен бастап тіркеуге дейінгі уақыт 3 минутты құрады. Жаңа технология адами фактор әсерін толықтай болдырмауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін құқықтық талдау процесін автоматтандыру арқылы 2591 өтініш берілді.

Бұрын азаматтар жылжымайтын мүліктің кепіл шартын тіркеу үшін банктен алған құжаттарды өз қолымен ХҚО-ға апаруы тиіс болатын. Онда кепіл шартты тіркеп, ауыртпалық туралы анықтаманы алып, тіркелген шартпен бірге банкке қайта келетін. Blockchain технологиясының арқасында процесс автоматтандырылды.

Клиенттер жылжымайтын мүлікінің тіркелгенін растайтын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға бармаса да болады. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі egov.kz порталындағы жеке кабинетінде әрдайым қолжетімді.

Азаматтарға арналған үкімет egov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлік бойынша келесі қызметтерді онлайн алуға болатынын естеріңізге салады:

Заңдық талаптардың туындауын тіркеу;
Заңдық талаптардың тоқтатылуын тіркеу;
Кепілді, рентаны, пайдалануды тіркеу;
Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгерістерін тіркеу;
Қайта кепілді тіркеу;
Құқықтың ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркеу;
Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу;
Сауда-саттық туралы хабарламаны тіркеу;
Қарыз шарты бойынша талап ету құқығын басқаға беруді тіркеу.

Казахстанцы подали более 11 тысяч заявлений на государственную регистрацию залога онлайн                                                          В июле прошлого года госкорпорацией «Правительство для граждан» совместно с банками второго уровня (АО «Народный банк Казахстана», АО «Банк Фридом Финанс Казахстан», АО «Отбасы банк») был запущен пилотный проект по автоматизации и оптимизации процесса оказания государственной услуги «Государственная регистрация прав (обременений) на недвижимое имущество» с применением технологии Blockchain.

С момента запуска пилотного проекта казахстанцами было подано 11 515 заявлений на государственную регистрацию залогов. Из них через «Отбасы банк» — 6429, АО «Народный банк Казахстана» — 2629, АО «Банк Фридом Финанс Казахстан» — 2457.

Теперь банки направляют в Госкорпорацию на электронную регистрацию договора залога недвижимого имущества с применением технологии Blockchain. Срок оказания услуги сократился с трех рабочих дней до одного рабочего дня. За счет автоматизации процесса правового анализа время от момента подачи банками заявки до регистрации составило 3 минуты. Полностью исключен человеческий фактор. Через автоматизацию процесса правового анализа было подано 2591 заявлению.
Если раньше при регистрации договора залога в банке клиент должен был взять его и отнести в ЦОН для регистрации, а после взять справку об обременении и предоставить ее в банк вместе с зарегистрированным договором, то теперь благодаря технологии Blockchain этот процесс автоматизирован.

Таким образом, результат государственной услуги всегда доступен получателям в личном кабинете портала egov.kz, и нет необходимости обращаться в Госкорпорацию за получением подтверждающих регистрацию документов.

Правительство для граждан также напоминает, что через портал eGov можно получить следующие услуги по недвижимости онлайн;
Регистрация возникновения юридических притязаний;
Регистрация прекращения юридических притязаний;
Регистрация залога, ренты, пользования;
Регистрация изменений обременений в результате изменения условий договора;
Регистрация перезалога;
Регистрация прекращения обременения, не связанного с переходом права;
Регистрация уведомления о начале проведения реализации недвижимого имущества во внесудебном порядке;
Регистрация уведомления о торгах;
Регистрация прав при реорганизации юридического лица (уступки права требования по договору займа).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды…