Сыбайлас жемқорлық – сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарды шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп, олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзетулер енгізуді тапсырған болатын. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін қалыптастыру үшін қазіргі заманғы жағдайларда оның көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар ашылып көрсетілген:
Біріншіден, құқық қолдану кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсететін салалық заңдардың нормаларының жетілдірілмеуі болып табылады.
Екіншіден, мемлекеттік және корпоративтік басқару ашықтығының жеткіліксіз болуы. Басқарушы шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестері, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер туралы сөз болған жағдайларда әлі де ең жабық процестердің бірі болып қалуы.
Үшіншіден, мемлекеттік қызметтерді атқару барысында лауазымды адамдардың халықпен тікелей байланысына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сақталуы.
Төртіншіден, халықтың, оның ішінде мемлекеттік сектор қызметшілерінің өздерінің құқықтық мәдениетінің деңгейі әлі де болса төмен болуы, арам пиғылды қызметкерлердің өз өкілеттіліктерін пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беруі.
Бесіншіден, азаматтар мінез-құлқының сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы моделін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы.
Алтыншыдан, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысының және мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіз деңгейі.
Сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыс — қоғамдағы ең үлкен, әрі қауіпті дерт екендігін ескере отырып, оған қарсы іс-қимыл көрсетуде қоғамның әрбір мүшесінің алар орны зор екендігін ұғынамыз.
Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі – азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары.
Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бүгінгі таңда аудандық қазынашылық басқармасының басым бағыты болып табылады. Басқармада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы негізінде ақпараттық айқындылықты қамтамасыз ету, қазынашылық қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы күрес көзқарасын қалыптастыру мақсатында құқықтық оқулар жүргізіліп отырады. Осы бағытта басқарма жұмысына деген талапты күшейтіп, оның ақпараттық жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес факторларын төмендетуге мүмкіндік беретіндігін айтуға болады. Бұл жүйе қазынашылық басқармасының жауапты орындаушыларының мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету аясында азара байланысын болдырмайды. Мемлекеттік мекемелердің төлем шоттары электрондық тәсілмен жіберіліп, автоматты түрде қазынашылық қызметкерлеріне жеткізіледі, талданады, орындалады. Сондай-ақ мәліметтер ашықтығын қамтамасыз етеді, төлем шоттардың орындалуы барысы туралы ақпаратты мемлекеттік мекемелер өз орындарында отырып көре алады.
Г.МАНАПОВА,
аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы