Жаһанды жайлаған пандемия жұмыр басты пендені әлекке салғаны анық. Індет бірден лап қойғанда кеселдің тұзағынан ешкімде құтыла алмасын білді. Алғашында ел медицинасы көрінбес жауды ауыздықтаудың амалын таппағаны рас. Кейіннен, ақ халаттылар тығырықтан шығудың бірқатар жолдарын қарастырды. Ел арасында «тәзді тажал» деп аталған бұл аурудан арылудың жалғыз жолы- екпе.
Алғаш болып, Рессейлік «Спутник V» вакцинасы қолданысқа енді. Бірі екпенің тиімділігіне сенді, енді бірі оның пайдасына көз жеткізбедік десті.
Республика бойынша құрылған «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мақсаты пандемиямен күрес жолындағы тиімді шара деп танылған вакцинациялау жұмысының қарқын алуына ықпал ету.
Індеттің ілмегіне елім ілінбесін деген штаб өкілдері Алматы облысына табан тіреді. Мақсат біреу- аймақтағы эпидахуалды бағамдау, атқарылар ілкімді істердің көшін жолға қою.
«2021 жылдың 3 тамызда Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» тәуелсіз белсенділер бірлестігі-Азаматтық штаб құрылды. Азаматтық штабтың міндеті-COVID-19 вакцинациясы туралы объективті ақпараттың максималды мөлшерін ұсыну және азаматтарды вакцинацияға көндіру. Екпеге қарсы жалған ақпараттың таралуының алдын алу. Біз тексеру үшін келген жоқпыз. Тек еліміздің пандемияны тезарада жеңуіне қолқабыс етуді көздеп келдік»,-деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі-ҚР Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев.
Облыс орталығана келген штаб өкілдері ең әуелі, аймақтағы көпсалалы аурухана дәрігерлерімен кездесті. Мұнда, ақ халаттылардың пікірін тыңдап, пандемиямен күрестегі алдыңғы қатарлы жоспарлы істердің орындалуымен танысты.
Артынша, «Сити плюс» ойын-сауық орталығындағы жылжымалы егу пунктіне бас сұқты. Шаһардағы адам аяғы үзілмейтін орталықтағы екпе жұмыстарының жүру барысын көздерімен көрді.
Айта кетейік, сауда орынындағы егу пунктіне жұмыс күндері 50-60 адам келсе, демалыста 120-150 тұрғын екпе алады. Мұндағы дәрігер, жылжымалы екпе пунктіне келуші жұрт «Синофарм» вакцинасына сұраныстың жоғары екенін айтады. Өйткені, аталған екпе екі дозаға лайықталған.
Штаб белсенділері елімізде вакцинация қарқынының төмендегенін атап өтті. Мәселен, егер шілде айының ортасында тәулігіне 130 мыңға дейін адам вакцина алса, қазір небәрі 30 мың қазақстандық иммундалуда. Алматы облысында вакцинация қарқыны жалпы республикалық екпелерден біршама артта қалып отыр. Соңғы айда облыста бірінші компонентпен вакцинациялау 6% — ға (64% — дан 70% — ға дейін) өсті, ал жалпы республикалық көрсеткіш 8,5% — ға артты және 79% жетті. Аталған көрсеткіш бойынша облыс барлық өңірлер арасында 9-шы орында.
Штаб өкілдері, облыстағы жетекші ақпараттық алаң «Jetisy Media-ға» келіп, баспасөз-мәслихатында БАҚ өкілдерімен кездесіп, көкей кесті сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, олар өңіріміздегі вакцинация жұмыстарына тоқталып өтті.
Негізінен, жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І-компонентінен 839685 дозасы, ІІ-компонент 829815 дозасы келіп түсті. Бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясына қарсы І компонентпен 772077 адам, ІІ компонентпен 688291 тұрғын егілді.
Облыс бойынша жоспардан І екпемен қамтылуы 64%. Облыстық көрсеткіштен төмен қамтыған аудандар мен қалалар: Талғар (47%), Панфилов (53%), Қаратал (55%), Талдықорған (57%), Ұйғыр (58%), Еңбекшіқазақ (61%), Ескелді (63%). Естеріңзге саламыз, жоспарға сәйкес өңірде 1,2 млн. азамат екпе алуы тиіс.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл ту…