Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы шара өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды.
«Жетісу» ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% — бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді.
Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен «Ютонг» маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты шарасы орын алды.
Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 «Ютонг») жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді.
«Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5 метр, жолаушылар сыйымдылығы 55-тен 67 орынға дейін қарастырылған. Онда бейнебақылау, кондиционерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды отырғызу — түсіру үшін қайырмалы платформалар көзделген. Сондай-ақ, электронды билеттеу жүйесі орнатылған. Жалпы алғанда, автобустар бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кең, оларда мүгедектер арбасына арналған орындар да бар. Алғашқы автобустар жолаушылар ағыны ең көп маршруттарға жіберіледі. Ал олардың қаншалықты жайлы және ыңғайлы екенін Сіздер, құрметті талдықорғандықтар, өз беттеріңізбен бағалай аласыздар», — деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі автожолдарды жөндеу және қалалық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасатынын айтты.
Сатып алынған автобустарға жанармай құю үшін қалада автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы салынып, іске қосылды. Айта кетейік, жаңа автобустарда жүру тарифі өзгеріссіз қалады.
Басты бет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ
Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…