Басты бет Әлеумет Ел сенімінен шыққан әкім жаман болмауы тиіс

Ел сенімінен шыққан әкім жаман болмауы тиіс

0
1,278

Кандидаттардың арасында мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, уақытша жұмыс істемейтін қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері де бар. Бұл мәселе алдымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында қозғалды. Президент онда әкімдердің сайланбалылығы туралы ұсыныстың ең әуелі қоғамның өз ішінен туындағанын атап өткен болатын. Әкім лауазымына үміткерлерді тіркеуден өткен саяси партиялар ұсына алады. Мұндай құқық аудан әкіміне беріліп отыр. Алайда ол бұл мүмкіндікті үміткерлерді ұсыну мерзімі аяқталған күнге дейін екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда ғана пайдалана алады. Тағы бір маңызды жайт, азаматтардың өздері де әкім лауазымына өз кандидатурасын ұсынуға құқылы. Ол үшін сайлау округіндегі сайлаушылардың 1 пайызы көлемінде өзіне қолдау білдірушілердің қолын жинақтауы қажет.

25 шілде күні еліміз бойынша барлығы 730 ауыл әкімі сайланады. Басқа ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қазіргі әкімдердің өкілеттік мерзімі біткен соң өткізіледі. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, бұл жолғы сайлау тәуелсіз Қазақ елінің тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып қалады. Жаңа форматтағы әкімдер сайлауы Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың нақты көрінісі, айқын үлгісі болып саналады. Ауыл әкімдерін жергілікті тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы сайлау азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асыруына кепілдік береді. Ең маңыздысы, халықтың билікке деген сенімін нығайтып, ауыл әкімінің сайлаушылар алдында есеп беруін қамтамасыз етуге, талап-тілектеріне шұғыл құлақ асып, жұмыстың жеделділігін арттыруына жол ашады. Бір сөзбен түйіндегенде, жаңа форматтағы әкімдер сайлауы – Президенттің өзі бастамашысы болған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы қағидаттарын толық деңгейінде, ашық түрде іске асырудың тың мүмкіндігі болмақ. Өздерін ұсынған, саяси партиялар атынан түскен кандидаттарға сәттілік тілейміз. Көпшілікті алдай алмайсың, олар өз таңдауларын жасайды. Тың бастаманың нәтижелі болатындығына сенімім мол.

Клара РАХЫМБЕРЛИНОВА,

зейнеткер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Итоги года глазами казахстанцев: результаты социологических исследований

5 декабря 2024 года в Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте Р…