Басты бет Әлеумет 2021 жылдың сәуір айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша түскен жарналар 1,954 млрд. теңгені құрады

2021 жылдың сәуір айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша түскен жарналар 1,954 млрд. теңгені құрады

0
1,491

2021 жылдың сәуір айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,954 млрд. теңгені құрады.

Республика бойынша сәуір айында түскен жарналар сомасы (2021 жылғы 01-30 сәуір аралығында) 34,685 млрд.теңгені құрады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, сәуір айында Алматы облысы бойынша 880,2 млн. теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 1,074 млрд. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады.

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…