Басты бет Әлеумет 2021 жылдан бастап қазақстандықтар үшін қандай медициналық қызметтер қолжетімді болады?

2021 жылдан бастап қазақстандықтар үшін қандай медициналық қызметтер қолжетімді болады?

0
1,233

Биылдан бастап амбулаториялық-емханалық көмек, ауылдағы денсаулық сақтау, қашықтықтан медицинаны дамыту, скринингтік бағдарламалар, мейірбике қызметтері, патронаттық қызметтер сияқты қызмет түрлері барынша қолжетімді бола түседі.

Сонымен қатар, қосымша қаражат «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКО санын ұлғайтуға, «Қамқорлық» атты ерекше қажеттілігі бар балаларды медициналық оңалтуға бағытталған бағдарлама, жаңа туған нәрестелерді скринингтен өткізуге және сәбилердің психофизикалық дамуын бағалауға, сондай-ақ мектеп медицинасын дамытуға жұмсалмақ.

Қаржыландыру көлемі сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмекке 17%, стационарлық көмекке 42%, ауыл тұрғындарына медициналық көмекке 30%, паллиативті көмекке 96%, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен науқастарға медициналық-әлеуметтік көмекке 36%, инфекциялар (КВИ есебінен) 319%, онкогематология 26%, шетелде бюджет қаражаты есебінен емдеу — 60% өседі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАРСЫЗ ҚЫС: КЛИМАТТЫҚ ҚҰБЫЛЫС ПА, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАТЕР МЕ?

Соңғы жылдары  қыстың бейнесі өзгере бастады. Қалың қарға оранған дала мен ұзаққа созылаты…