Басты бет Заң және қоғам НАТО ДАИШ-пен күрес бойынша халықаралық коалицияға қосылды

НАТО ДАИШ-пен күрес бойынша халықаралық коалицияға қосылды

0
1,237

НАТО «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік тобымен күрес бойынша халықаралық коалицияға қосылды. Бұл жайлы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельдегі альянсқа мүше-елдер саммитінде баяндады, деді НАТО-ның ресми өкілі Оана Лугенску Twitter агенттігіне берген мәлімдемесінде.

Столтенберг коалицияға қосылу НАТО-ның жауынгерлік әрекеттерге қатысуын білдірмейтіндігін айтып өтті. Сондай-ақ, Альянс басшысы НАТО-ның коалиция мүмкіндігін күшейтуге атсалысатындығын да тілге тиек етті.

Брюссельдегі саммит барысында альянстың штаб-пәтерінде ақпарат алмасу бойынша лаңкестікке қарсы орталық ашу жөнінде шешім қабылданды. НАТО жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Александр Грушко альянстың коалицияға бірігуінен ештеңе өнбейтіндігін айтып өтті.

«Менің пікірімше, бұл жасалған қадамның беретіні шамалы, өйткені, альянсқа мүше елдердің барлығы осы коалицияның да мүшелері», — деді Грушко. Ирак және Сириядағы лаңкестермен күрес жөніндегі халықаралық коалицияға 68 мемлекет кіреді. Ол 2014 жылдың тамыз айында құрылған. Коалицияның басында АҚШ тұр.

ҚазАқпарат  агенттігі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны азайды

Алматы облысында  2024 жылы 1470 алаяқтық дерегі тіркелсе, 2025 жылы олардың саны 1711-ге …