Басты бет Әлеумет Дарындылар пулы

Дарындылар пулы

0
737

Азаматтарға арналған үкіметтің «Дарындылар пулына» өтінімдерді қабылдау басталды
Кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде жеке деректерді толтырып, өңірді, жұмыс істейтін/жұмыс істеген ұйымның атауын, лауазымды және қызмет бағытын көрсету қажет. Сонымен қатар тіркеу барысында білімі, жұмыс өтілі, байланыс телефоны және электрондық пошта туралы мәлімет толтырылады. Сондай-ақ үміткер жеке куәлігінің, дипломының, сертификаттарының және ұсынымхаттарының (кемінде үш)  көшірмелерін тіркеуі керек. Тіркеу рәсімінен кейін көрсетілген поштаға растау-хат жіберіледі, хатта көрсетілген сілтеме бойынша өткен соң, үміткер пайдаланушы келісіміне ЭЦҚ-кілтпен қол қоюы шарт.
«Онлайн өтініш беру платформасы түсінікті әрі ыңғайлы. Жобаға тіркелген тұлғалар жеке кабинетінде ақпаратты толықтырып, іріктеудің кезеңдері мен нәтижелерін көре алады. Бұл кандидаттарды іріктеу процесінің толық ашықтығын дәлелдейді. Өтінімдерді қабылдау 10 наурызға дейін жалғасады», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Қожықов.
Үміткерлер 3 кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді. Тестілеу кезеңдерін сәтті тапсырғандар мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, HR сарапшыларынан және Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшелерінен тұратын сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуден өтеді. Қорытындысында жоғары нәтиже көрсеткен үміткерлер тиісті бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервіне алынады.

Стартовал прием заявок в «Пул талантов» Правительства для граждан
Кандидатам, желающим подать заявление в кадровый резерв нужно пройти регистрацию на сайте talent.gov4c.kz. При подаче заявки в системе необходимо заполнить личные данные, указать регион, название организации, в которой работает/работал, должность и направление деятельности. Кроме того, при регистрации заполняется информация об образовании, стаже работы, контактный телефон и электронная почта. Кандидату также необходимо прикрепить копии удостоверения личности, диплома, сертификатов и рекомендательных писем (не менее трех). После процедуры регистрации на указанную почту отправляется письмо-подтверждение, при переходе по ссылке, указанной в письме, претенденту необходимо подписать ЭЦП-ключом пользовательское соглашение.
«Онлайн-платформа для подачи заявки интуитивно понятная и удобная. Зарегистрировавшиеся лица могут дополнять информацию в личном кабинете, видеть этапы и результаты отбора, что доказывает полную прозрачность и открытость процесса отбора кандидатов. Прием заявок продлиться до 10 марта», – говорит председатель госкорпорации Адил Кожихов.
Отбор кандидатов будет проходить в 3 этапа. Успешно сдавшие этапы тестирования, пройдут собеседование с членами экспертной комиссии, состоящей из государственных и общественных деятелей, HR-экспертов и членов правления госкорпорации. Претенденты, набравшие высший балл и прошедшие этап собеседования, будут зачислены в кадровый резерв в целях последующего назначения на соответствующие вакантные должности.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.