Басты бет Әлеумет Жыл басынан бері ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берілген

Жыл басынан бері ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берілген

0
781

ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсімдеушілер саны қаңтар айында күрт өсті. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30 % көп.
Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсімдеушілер арасында Алматы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис – Алматыда 27 мың болса, қалған екеуінде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсімдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында – не бары 7 мың.
Мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсімдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажеті жоқ. «Біз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгінде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бірнеше минуттың ішінде рәсімдеуге болады»,– дейді Әділ Кожихов.
Сондай-ақ Азаматтарға арналған үкімет ЭЦҚ кілттерін уақытылы жаңартып отыруды ескертеді. Бір жылға берілетін электронды қолтаңбаның мерзімі аяқталуға таяған кезде, яғни 10 күн бұрын ЭЦҚ иесіне ескертпе-смс келеді. Азаматтар кілттердің жарамдылық мерзімін Ұлттық күәландырушы орталығының pki.gov.kz сайты арқылы тағы бір жылға ұзарта алады. Бұл да ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеттілігін жояды.
Айта кетейік, ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеу мүмкіндігі 2020 жылғы сәуір айынан бері бар. Ол үшін камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жеке куәлік және мобильді азаматтар базасында тіркеу болу қажет. Жүйе азаматтың жеке басының мәліметтері мен бет-әлпетін сәйкестіргеннен кейін жаңа ЭЦҚ-ны сақтап алуды ұсынады.

С начала года в ЦОНах выдано 270 тысяч ЭЦП

       Число получателей электронной цифровой подписи через ЦОНы резко возросло в январе. С начала года через Центры обслуживания населения казахстанцы оформили более 270 тысяч ЭЦП, что на 30% больше, чем в декабре.
Рост количества получателей ЭЦП обусловлен необходимостью ее наличия при снятии пенсионных накоплений и для ежегодной сдачи деклараций государственными служащими. Среди оформителей цифровой подписи лидируют жители городов Алматы, Нур-Султан и Туркестанской области, если в южной столице число оформителей превысило 27 тысяч, в двух других регионах по 23 тысячи подписей соответственно. Минимальное количество оформивших ЭЦП через ЦОН в Западно-Казахстанской области, всего – 7 тыс.
По словам председателя госкорпорации Адиля Кожихова, ЭЦП можно оформить онлайн, поэтому во время пандемии нет необходимости посещать места массового скопления людей. «Мы заботимся о здоровье каждого жителя. Сегодня ЭЦП можно оформить, находясь дома за несколько минут», – говорит Адил Кожихов.
Также Правительство для граждан напоминает о необходимости своевременного обновления ЭЦП ключей. При истечении срока действия электронной подписи, выдаваемой на год, т.е. за 10 дней, владельцу ЭЦП приходит смс-уведомление. Граждане могут продлить срок действия ключей на сайте Национального удостоверяющего центра pki.gov.kz еще на год. Это также исключает необходимость обращения в ЦОН для получения ЭЦП.
Отметим, что возможность оформить ЭЦП онлайн через портал egov.kz существует с апреля 2020 года. Для этого необходимо иметь ноутбук или компьютер с камерой, удостоверение личности и регистрацию в базе мобильных граждан. Система предложит сохранить новую ЭЦП после идентификации лица и личных данных гражданина.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…