Шонжы-дағы Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектебінде дәл қазіргі мезетте еңбек етіп жүрген техникалық қызметкерлер, күзетшілері бар біраз адамдармен «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Мәулен Нұров, Бибігүл Абдило-ва, Анар Дүйсен-байқызы кездесіп қайтты.
Сөз бастаған Мәулен Нұров алдағы қаңтар айында өте-тін сайлаудың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның осы күнге дейін атқарған жұмыстарын тізбелеп шықты. Еліміздегі қол жеткен табыстардың барлығы да «Nur Otan» партиясының арқасы екендігін тәптіштеп түсіндірді. Депутаттыққа үміткер Бибігүл Абдилова да аталмыш мектептегі өзгеріс-тер мен жа-ңа-лық-тар жайында әңгімеледі. «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұл-тан Назар-баевтың мемлекет үшін атқарған орасан еңбегін айтты. Партияның да барлық бағдарламалары тек халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге арналғандығын, билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған оның пандемия кезінде жұрттың басын біріктіріп, «Біз біргеміз» деген акция аясында қайырымдылық шараларына ұйытқы болғандығын да түсіндірді. Анар Дүйсенбайқызы сайлауалды бағдарламада көрсетілген міндеттерді айтты. Бүгінде біз қажырлы еңбек еткен жылдар ішінде елеулі нәтижелерге бірге жеттік. Міне, жыл аяқталып келеді, жалпы алғанда, көрсеткіштер жаман емес, ауданда бұрын-соңды болмаған ғи-ма-раттар салынып, ауылымыздың ажары ашыла түсті. Осының бәрі партияның ықпалды саясаты арқылы жүзеге асып отыр. Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс береді деп сенемін, – деп ойын түйіндеді. Карантинге байланысты көп адам жиналмаса да барларының айтарлары көп болып шықты. Мұғалімдердің жалақылары көтерілгенде сол мектептерде жұмыс істейтін техникалық қызметкерлердің еңбекақыларына қосымша ақы қосылмағандығына реніштерін жеткізді. Кез келген еңбектің дұрыс бағалануы үшін партия атына осындай аманаттар да айтылды. Партия жеңіске жеткен күнде осы мәселе билік басындағыларға жететіндігіне сенім артты үміткерлер. Бұл кездесу партия жақтастарының көптігін тағы бір рет дәлелдеді.
Толғанай ҚАЙРАТҚЫЗЫ