Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау 🔑
Көпбалалы отбасы атандыңыз ба? Онда ең алдымен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз. Ал біз, бүгінгі парақшамыздың #oqy&toqy айдарында, жәрдемақыны рәсімдеудің жолын көрсететін боламыз. Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді☝️
📌Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
📌Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
📌Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:
📎Жеке куәлік;
📎Балалардың құжаттары;
📎Банктік есепшот жөніндегі анықтама.
☝️Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.
📌Төлем мөлшері:
4️⃣ бала үшін — 16,03 АЕК (44 531 тг);
5️⃣бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);
6️⃣бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);
7️⃣немесе одан да көп бала үшін — 28,06 АЕК (77 950 тг).
⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні