Басты бет Жолдау Дәрігерлерге қамқорлық ерекше болмақ

Дәрігерлерге қамқорлық ерекше болмақ

0
782

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдай отырып көңілімді қуаныш кернеді. Өйткені еліміздің дамуы жолында атқарылар жұмыстардың тиімді түрін ұсынып, өткеніміздегі кейбір қателіктер мен олқылықтарды да жасырмады. Президентіміз коронавируспен күресте дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жалпы осы індет кезінде жанкешті еңбек үлгісін көрсеткен барлық азаматтарға алғыс айтты. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары болатындығын айтты. Отандық фармацевтика аяғынан тік тұрғызу керектігін де жасырмады. Өйткені коронавирус кезінде тұрғындардың дәрі-дәрмек іздеп біраз сарсаңға түскендігін жақсы білеміз. Отандық өнімдерді өндіруді қолға алу азаматтарымыздың денсаулығына кепіл болатындығын айтқаны жаныма жылы тиді. Шындығында өте қымбат бағаға шетелдік дәрі-дәрмектерді сатып алу біріншіден қаржы мәселесіне зияны тисе, оның денсаулыққа  пайдасына да кепілдік бере алмаймыз. Пандемия кезінде қауіпті дертпен арпалысқан медицина саласының мамандарына қосымша ақы ретінде қыруар қаржы бөлінетіндігін айтты. Бұл біздің еңбегіміздің бағаланғандығы деп ойлаймын. Сондықтан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолына бағытталғанын, оның тұрмысымыздың жақсара түсуі үшін жасалғанын сезініп өзімді бақытты жан санадым.

Әлия АҚЖОЛТАЕВА, аудандық емхананың меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экономикаға басымдық берді. Салық с…