Басты бет Денсаулық Карантин шаралары қатаңдатылды

Карантин шаралары қатаңдатылды

0
1,508

Карантин шаралары қатаңдатылды

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар басшылары, қала, облыс әкімдерімен бейнеконференция өткізді. Президент өз сөзінде коронавирус ауруының алдын алу шараларының дер кезінде қолға алынғандығынан уақыттан ұтып, пандемияның шарықтау шегін кейінге шегере алғанымызды айтты. Төтенше жағдай тәртібін босаңдатқан сәттен бастап бұл вирустың жайылу тенденциясының асқындап кеткендігін де жасырмады. Карантин ережелері босаңдатылған уақыттан бері қарай ауру 7 есеге көбейіп кеткен. Бұл әрине өте қорқынышты. Сондықтан да мемлекет басшысы тиісті лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Президентіміз мемлекеттік органдар мамандарының өз деңгейінде жұмыс атқармағандықтары себеп болғандығын да жасырмады. Сақтану шаралары бірден төмендеп кеткендігі жасырын емес. Алысқа бармай-ақ өз ауданымызды алайық. Ауру белгілері байқалғандар саны күрт өсіп кетті. Біздің ауруханада да сырқаттануы қаупі асқындап тұр. Барлық сақтық шаралары қайтадан қатаңдатылып қолға алынып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі өзіне тиеселі жұмысын оңтайлы шеше алмағандығын тілге тиек еткен мемлекет басшысы Атырау облысының Теңіз аймағында 1222 коронавирус оқиғасы тіркелгендігін ашына мысалға келтірді. Бұл өте қорқынышты цифрлар екендігін көзі қарақты жан түсінеді. Санитарлық талаптардың орындалмай, карантин тәртібінің сақталмағандығы кесірінен осындай келеңсіздікке, яғни аурудың өсіміне алып келгендігін жасыра алмаймыз. Мемлекет басшысы ауру өршіп тұрған біраз облыс, қала әкімдеріне қатаң ескерту мен сөгіс жариялады. Бұл басқаларға сабақ болуы тиіс деп ойлаймын. Өз өміріміз үшін, туған-туыстың амандығы үшін сақтық шараларын сақтайық.

Майра БУКЕЕВА,

аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

Өзім құрмет тұтатын, ақындығы бір төбе, ұстаздығы бір төбе Мамытхан ағам сырқаттанып аурух…