
Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз.
Egov.kz порталына кіріңіз;
Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;
ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;
Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;
Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;
Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;
Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;
Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;
Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;
Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;
Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;
Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;
Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;
Сертификатты жүктеңіз.
—