Басты бет Заң және қоғам Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты

0
1,252

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы.
Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған. Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді.
Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сакен Сарсеновтің қатысуымен өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті.
«Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның мүмкіндіктерін жоюға ауысты. Cондықтан, Агенттік қылмыстық-құқықтық шаралармен қоса, жемқорлықты қабылдамау идеясын насихаттауға, ақпараттандыруға, сонымен қатар азаматтық қоғамды кеңінен жұмылдыруға күш салуда. Марканы шығару – осы жолдағы қадамның бірі», — деді Алик Шпекбаев.
Ұлттық пошта операторының басшысы Сакен Сарсенов: «Марка шығару — Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеясын таратуға және сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне жол бермеу туралы Елбасы мен Мемлекет Басшысының ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретін құрметті әрі ұмытылмас оқиға болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті.
Марка 2020 жылдың 24 маусымынан бастап айналымға енеді. Бағасы – 200 теңге. Таралымы – 10 000 дана. Марканы «Мемлекет саясаты» сериясымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығарды. Автор және графикалық дизайнер Д.Со, техникалық дизайн І.Оңғарбай.

Марка на тему противодействия коррупции выпущена в Казахстане

Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции (далее – Агентство) и АО «Казпочта» провели церемонию запуска в продажу почтовых марок, посвященных борьбе с коррупцией.
Антикоррупционная служба РК является первым правоохранительным органом, выпустившим тематическую марку.
В основе дизайна марок – коммуникационный логотип правоохранительного органа. На марке также присутствует надпись: «Әдiлдік. Парасаттылық. Сенім», которая отражает ценности Агентства – справедливость, добропорядочность, доверие. Эти ценности отражены и в цветах, используемых в логотипе: небесный – символизируют справедливость, стремление к совершенству, обновлению; синий – доверие и безопасность.
Церемония гашения почтовой марки прошла с участием Председателя Агентства Алика Шпекбаева и Председателя Правления АО «Казпочта» Сакена Сарсенова.
Во время выступления Глава Антикоррупционной службы отметил важность мероприятия.
«Борьба с коррупцией трансформировалась. Прежний акцент на устрашающих, карательных мерах сместился на предотвращение правонарушений, искоренение самой их возможности. Поэтому помимо уголовно-правовых мер Агентство делает ключевую ставку на информирование, пропаганду идей неприятия коррупции, а также на масштабное вовлечение гражданского общества. Выпуск марки – один из шагов на этом пути», — сказал Алик Шпекбаев.
Глава национального почтового оператора Сакен Сарсенов отметил: ««Выпуск марки — почетное и памятное событие, которое, надеюсь, позволит распространить идею нетерпимости к коррупции по всей территории Казахстана и поддерживать тон, заданный Елбасы и главой государства о недопустимости коррупционных явлений».
С 24 июня 2020 года марка вводится в обращение. Ее номинал – 200 тенге. Тираж — 10 000 штук. Выпускает марку серии «Политика государства» Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан. Автор и графический дизайнер Д.Со, технический дизайн І.Оңғарбай.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…