Басты бет Әлеумет ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

0
1,418

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдер Басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 ж. №69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысында екінші деңгейлі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз  алушылардың шағымдарын қарау мәселелері жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) жұмыс істейтіндігін мәлімдейді. Комиссияның басты мақсаты ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз  алушылардың шағымдарын қарау болып табылады.

Осыған орай, егер екінші деңгейлі банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан қайта қаржыландырудан бас тарту хатын алатын болсаңыз және қарыздарыңыз Бағдарлама талаптарына сай келсе, Комиссияға тиiстi өтiнiшпен бірге қол қойылған Келiсiм-өтiнiштпен (Келісім-өтініштің нысанын Басқармадан ала аласыз) және қарызды қайта қаржыландырудан бас тартқаны жөніндегі хатпен шағымдануыңызға болады. Комиссияның мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 58/64 үй,  телефоны: +7 (7282) 55-95-05.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…