Басты бет Әлеумет БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЕНГІЗУ — » ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ»!

БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА НЫСАНДАРЫН ЕНГІЗУ — » ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ»!

0
1,632

Назар аударыңыз! Алматы облысының тұрғындарын «Қоғамдық бақылау » жобасына қатысуға шақырамыз! Көлеңкелі экономиканың пайда болу себептері болып табылатын құқық бұзушылықтарға қатысты нөлдік төзімділікті күшейтуді жоспарлап отыр.


Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап пилоттық жоба – «Қоғамдық бақылау » жүргізуліде, оның мәні салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары туралы МКК бейне және фотоматериалдарды беру арқылы хабарлаған тұлғаларға сыйақы беру болып табылады.

Жобаға сәйкес түбіртектің бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға сыйақы төлеу (ұялы телефон балансын толтыру) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау – кассалық машиналарының фискалдық түбіртектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаға қатысты барлығы 6984  өтініш келіп түскенің хабарлайды.

2019 жылы акция өткізу барысында азаматтардың хабарламалары бойынша 940 бұзушылық фактісі расталып, 940 мың теңгеге сыйақы төленді.

Оның ішінде Алматы облысы 55 факті расталды.

Барлық келіп түскен өтініштер өңдеуге түседі: кәсіпкердің деректері, фискалдық түбіртектерді бермеу фактілері мен себептері тексеріледі.

Тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де құжаттар, хаттамалар және ӘҚБтК-де көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме болып табылады.

Сондықтан, сатушының БКМ түбіртегін беруден бас тарту фактісі бойынша бейнесі түсірілген, дүкеннің мекен-жайы және атауы, сауда үйлері, базардың атауы көрсетілген (сауда үйіндегі дүңгіршектің нөмірі, базардағы орнының нөмірі) және фискалдық түбіртекті бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер бар болған жағдайда сыйақы төленеді.

Фискалдық чек берілмегендігі туралы фактілерді App Store және Play market-тен тегін мобильді «Wipon» қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға болады және фискалдық чек бермеу фактісі расталған жағдайда телефон балансына сыйақы (1000 теңге) алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…