Бүгін Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев індет кезіндегі кезеңнен қалай өтіп жатқанымыз туралы мәлімдеме жасады. Өз мәлімдемесінде мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын, халықтың денсаулығымен, бизнесіне қолдау көрсету үшін 500 – ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылып жатқанында айтты. Бүгін елімізде төтенше жағдай аяқталды, алайда кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отырғаны мәлім. Індет әлі де толық кеткен жоқ, пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті екені айтылды. Осы жағдайға қарамастан елімізде әр саланың мамандары өз жұмысына кірісе бастады. Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа қайта оралды. Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады, саябақтар ашылады.
Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады. Көптеген шектеулер алынып тасталды.
Алайда күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн екенін тағы бір мәрте қадап айтты.
Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді. Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі. Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек. Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді деп бұл жағдайдың да қатаң бақылауда болатынын да айта кетті.
Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде дағдарысқа қарсы шаралардың екі топтамасы жүзеге асырылып жатқанын, 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілгенін,1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілгені,коммуналдық төлемдердің тарифі төмендетілгені, оны төлеу үшін аса мұқтаж жандар қосымша көмек алатыны, 2 миллионға жуық азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілгені, қолжетімді несие беру, көктемгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау үшін айтарлықтай қаражат бөлінгенін, 700 мыңнан астам компания мен кәсіпкерлер үшін салық жүктемесі азайтылғанын ,сол арқылы олар 1 триллион теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік алды,- деді мемлекет басшысы. Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан бұл жұмыстар халқымызға деген үлкен қамқорлықтың дәлелі болып табылады.
Аудандық «Айбынды жастар» ҚБ-нің белсенді мүшесі Іңкәр Жанботақызы