Басты бет Әлеумет Бірлігіміз жарасқан

Бірлігіміз жарасқан

0
996

Елімізде төтенше жағдай орнағалы мемлекет тарапынан қарапайым халыққа көмек қолы көптеп жасалуда. Жұмыссыз қалған азаматтарға 42 500 теңгеден жәрдемақы тағайындалып көпшіліктің қыжалатынан шықты десек артық айтқанымыз емес. Күні кеше ғана «коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге мөлшеріндегі төлем ай сайын тұтынушылардың абоненттік есепшотына жіберілетін болды» —  деген жақсы хабар карантинде қаржыдан  қысылып отырған көп жанды қуантты. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы аналарға, ең төмен және аз зейнетақы алатындарға, жұмыс барысында қаза тапқан азаматтардың отбасыларына, атаулы әлеуметтік көмек алатын жандарға тиесілі үлкен қолдау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел басына күн туған сәтте үкіметтің халықпен бірге екендігін білдіріп, олардың мұқтаждықтарын ескеріп көмектесіп отырғандығы бәрімізді қуантты. Бізде еліміздің бұл індетті еңсеруі үшін,  мемлекет қойған қатаң талаптарды орындап жаман ауруды жеңуге атсалысайық. Бірлігі бекем ел екенімізді дәлелдейік.

 

Жәнет КЕРІМҚҰЛОВ,

 «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…